Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУ – БОЛАШАҒЫМЫЗ

ЖОЛДАУ – БОЛАШАҒЫМЫЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 2 қыркүйегінде халыққа Жолдауын жариялады. Сол арқылы елдің өткенін саралап, алдағы уақытта жасау керек істердің басын ашып, болашаққа жоспар құрды.
Президент бірнеше заң қабылданғанын оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар бар екенін айтты.
Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінгендігі, елдегі экологиялық жағдайды жақсарту жайлы айтқан тұжырымдамалары көпшіліктің көңілінен шықты.
Қазір еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Халықтың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Құқықтық мәдениет артып келеді. Президент Жолдауында алдағы уақытта үкіметтің атқаратын жұмыстарын айта келе соның ішінде қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттілігіне ерекше тоқталды.
Жолдаудан құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы Заң жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп жатқандығы, заң талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыру қажет екендігі, сонда заң орындалып заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынымызды ұқтық. Сондай-ақ алдағы уақытта азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет. Құқықтық мемлекетте қылмысқа орын жоқ, қарақшылықты түп тамырымен жою қажет. Түрлі экстремистердің, оның ішінде діншілдердің де елге іріткі салатын, яғни жарылыс жасау, өрт қою, адамдардың қаза табуы, мүліктік залал келтіру, халықты үрейлендіру, қоғамға қауіпті әрекеттеріне қатысты жаза қатаң болу қажет. Құқық қорғау органдары кәсібилік, батылдық, табандылық таныту қажет.
Еліміздегі жол апатының көп орын алуы да Президент назарынан тыс қалмады. Жолкөлік инфрақұрылымын жаңғырту және интелектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіпсіздігінің алдын алу қажеттігі айтылды. Бұл жергілікті және республикалық жолдарға да қатысты мәселе.
Әр мемлекеттің өз тәртібі, заңдары болады. Заң бәрімізге ортақ. Біздің ұзақ мерзімге арналған даму жолымыз айқын. Биік мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет. Қазақ халқы берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман мұратына жете алады. Елімізде болып жатқан саяси экономикалық өзгерістер мен жаңалықтар уақыт талабына сай екендігін сөз бен істің арасындағы алшақтықтың азая бастағанын көрсетеді.
Жолдауды қолдаймын. Ешкім келіп біздің қисығымызды түзет, жыртығымызды жамап, тентегімізді жөнге салып бермейді.

Алмас САРМАНТАЕВ,
Зейнеткер,
ГРЭ-23 аумағының ардагерлер ұйымының төрағасы
30 қыркүйек 2024 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031