Алимент: «Қашқын» әкелерге қатысты қылмыстық іс те қозғалған
Ажырасу барда алимент мәселесі өзектілігін жоймайды. Өкінішке қарай қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінде де мұндай мәселе қалыпты һәм қауіпті құбылысқа айналып барады.
Сурет ашық дереккөзден
Облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот келтірген цифрлар сөзімізді айғақтайды. Жыл басынан бері оның қарауына сот бұйрығын шығару және әкелікті анықтау, алимент өндіру туралы 1162 арыз түскен. Оның 770-і талап қою, 31-і ерекше іс жүргізу, 361-і сот бұйрығын шығару сипатында. Ал әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы арыздар бойынша 24 талап қойылып, оның 10-на қатысты шешім шығарылған.
Сот судьясы Зәбира Абылайқызы ерлі-зайыптылардың негізінен 40 жасқа дейінгі аралықта некесі бұзылатынын, онда да көпбалалы отбасылардың шаңырағы жиі шайқалатынын айтып отыр.
– Ажырасуға көбіне материалдық жағдай әсер етеді. Оның ішінде ер адамның жұмыссыздығы, ішімдікке әуестігі, айналып келгенде жауапкершіліктен қашуы кесірін тигізеді. Бірақ ерлі-зайыптылар мұның бәрін «мінезіміз жараспады» деп бір ауыз сөзбен қайырады. Ішкілікке салынып, түзу жолдан тайып, баланы әкесіне қалдырып кететін әйелдер бірен-саран болса да кездеседі, – деді судья.
Борышкерлерден алимент өндіру бағытында облыстық прокуратура да ауқымды жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда, есепті кезеңде әділет департаменті мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына заңдылықтың бұзылуын жою туралы 10 ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде 102 жалғызбасты ананың пайдасына 55,6 млн теңге алимент берешегі өндірілді.
– 101 борышкер уақытылы алимент төлемегені үшін әкімшілік кодекстің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 32 жеке сот орындаушыға міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін тәртіптік шара қолданылды. Біздің бастамамызбен алимент төлеуден жалтарып жүрген 14 борышкерге қатысты қылмыстық кодекстің 139-бабымен іс тіркелді. Оның 6-ы қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Қалғандары бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Мейіржан Тұрғанбекұлы.
Ажырасқаннан кейін ата-ананың бала алдындағы қарызын өтеу мәселесі республика көлемінде де қордаланып тұр. Статистикаға қарағанда, өткен жылы алимент өндіру туралы 8 мыңнан астам сот шешімі мүлде орындалмаған. Әділет министрлігі елімізде алимент төлеуден қашып жүрген 270 мыңнан астам адам барын жариялады. Былтыр 14 мыңнан астам азаматтың Қазақстан шекарасынан шығуына уақытша тыйым салынса, 7 мыңға жуығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы»