Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот ғимаратына кіріп-шығу тәртібі

Сот ғимаратына кіріп-шығу тәртібі

Сотты құрметтемегені үшін жаза » «Өскен өңір» - Шиелі аудандық газеті Сот ғимаратына кірудің бұлжымас заңы, яғни өз тәртібі бар. Сот, кез - келген адам баса-көктеп, әрлі-берлі өте беретін аула емес екені анық. Онда жолы түскен әрбір азаматтың білуі тиіс қатаң сақталар қағидалар бар. Олар: сотқа заңға қайшы келетін заттар әкелмеу, күзет қызметкеріне жеке куәлігін көрсету, сот мәжілісі залына сырт киімін шешіп кіру, ұялы телефонын өшіріп, күзет қызметкерлеріне тастауға, сотқа шақырған уақыттан кешікпеу сынды міндеттер.
Сот ғимаратына өткізу және ішкі тәртіп туралы ереже Қазақстан Республикасы сот төрелегін іске асыру бағытын реттейтін заң нормаларымен сәйкестендірілген. Аталған Ереже - азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарының сот арқылы қорғалуын, судьялардың, сот қызметкерлерінің және сот үдерісіне қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңмен белгіленген қоғамдық тәртіпті сақтау, сот әділдігін жүзеге асыру барысында сот қызметкерлеріне араласуды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын деректердің алдын алу және болдырмау мақсатын көздейді.
Жергілікті соттар ғимаратында рұқсатнама тәртібі мен қоғамдық тәртіпті сақтауды еліміздің ішкі істер министрлігінің мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, сот жасауылдары жүзеге асырады. Жұмыстан тыс уақытта сот ғимаратына кіру тәртібін күзет қызметкерлері қадағалайды.
Сонымен қатар, судьялардың, сот қызметкерлерінің, іске қатысушылардың сот үдерісінен басқа кезде жолығулар болдырмау үшін рұқсатнама тәртібі қатаң сақталуы тиіс. Сот ғимаратына келушілер, сот үдерісіне қатысушылар немесе сот төрағасының қабылдауына келгендердің жеке куәлігі, ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері, адвокаттар қызметтік куәлігімен және сот приставы жазған рұқсатнама, сотқа шақыру қағазы, хабарлама негізінде арнайы журналға тіркеліп жіберіледі. Келушілер осы ережелерді, күзет қызметкерлерінің немесе сот приставының өкілеттігі шегінде қойылған талаптарын орындамаған жағдайда, сондай-ақ сот ғимаратына келу мақсатын айтудан бас тартса, сот ғимаратына жіберілмейді.
Қазіргі күні сот ғимаратына келушілер - ғимаратқа кірер алдында күзет қызметкеріне, сот жасаулысына өзінің сотқа келу мақсатын айтуға, өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге немесе сотқа шақыру қағазын көрсетуге тиісті. Сотқа келген негізі анықталғаннан кейін өту үшін жеке тексеруден өтуге, қолындағы заттарын, яғни сөмке, пакеттерін тексертіп, ұялы телефондарын сөндіріп, барлық заттарын сақтау камераларына тапсыруы тиіс.
Сонымен қатар сотқа келушілерге мемлекеттік мекемедегі бекітілген тәртіпті сақтау, яғни сот отырысы залында сот қызметкерлерінің рұқсатынсыз жүруге, сот отырысы барысында төрағалық етуші судьяның рұқсатынсыз бейнежазбаға, суретке түсіру жүргізуге, ұялы телефон немесе басқа да байланыс құралдарын қосуға немесе оларды пайдалануға, сот ғимаратындағы стендтерден құжаттардың үлгілерін алуға, немесе оған жеке жарнамалық сипаттағы хабарламаларды ілуге, сот ғимаратындағы мүлікті бүлдіруге болмайтыны туралы ескертіледі. Алкогольдік, есірткілік немесе токсикологиялық мас күйіндегі тұлғаларды және сыртқы келбеті адамдық қадір-қасиетке, қоғамдық жағымды мінез-құлыққа нұқсан келтіретін немесе санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін киіммен және заттармен келген тұлғаларды, заңды өкілдері немесе педагог ұстазы жоқ 16 жасқа толмаған тұлғаларды сот ғимаратына кіргізуге тыйым салынады. Сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтірген, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, ғимарат ішінде белгіленген тәртіпті бұзған, сот қызметкерлерінің талаптарын орындамаған жағдайда, сотқа келушілер заңмен белгіленген тәртіпті жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Сот ғимаратына өткізу және ішкі тәртіпті қадағалау күзет қызметкерлерінің немесе сот приставының өкілеттігіне кіреді. Ол туралы арнайы ереже Қазақстан Республикасы сот төрелегін іске асыру бағытын реттейтін заң нормаларымен сәйкестендірілген. Жергілікті облыстық сотқа қарасты барлық қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттарындағы сот ғимаратының күзет қызметкерлері немесе сот приставы жұмыс барысында өз міндеттерін сот жасауылдарының қызметін реттейтін «Сот жасауылдары туралы ереже» мен «Сот приставтарының іс-әрекеттері жөніндегі нұсқаулық» негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, облыстық сотқа қарасты сот органдарында қауіпсіздік және ішкі тәртіп мәселелеріне үлкен мән беріледі, осыған орай сот жасауылдары арасында семинар сабақ өткізу тұрақты түрде жолға қойылған.
Д.Ш.Смаилов
Шиелі аудандық сотының аға сот приставы
16 мамыр 2024 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930