Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АДАЛДЫҚТЫ АР ДЕП БІЛ

АДАЛДЫҚТЫ АР ДЕП БІЛ

Бүгін ақпарат көздерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі жарияланды. Үндеуді оқып, ойландық.
Әрине, ауа райының күрт жылынуына байланысты көктемнің қарғын суы қарапайым халықты әбігерге түсірді. Осыған орай еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. Бүгінгі таңда Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында су тасқынының алдын алу шаралары жедел жүргізіліп жатқанымен қалыпты жағдайға әлі толық келген жоқ. Ауыртпалық бар.
Қиындық құрсауындағы халыққа көмек беру үшін Президент қолдан келген көмегін аямаймын деді. Материалдық шығындар толық өтелмек.
Мемлекетіміз су тасқынына дайындық кезеңінде орын алған кемшіліктермен жұмыс жасауды одан әрі де жалғастырады.
Ел Президентінің Үндеуін Қазақстан халқына деген жанашырлық, қиын-қыстаудан құтқарудың қамы деп қабылдауымыз қажет.
Мемлекет Басшысының бұл Үндеуі де елдің бірлігі мен берекесін қорғауды, азаматтармыздың амандығын тілеуді мақсат тұтқан.

Дінмұхаммед МАРДАНАЕВ,
Шиелі ауданы әкімінің көмекшісі

06 сәуір 2024 ж. 179 0