Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тасымалдаушы» профилактикалық іс-шарасы өтті

«Тасымалдаушы» профилактикалық іс-шарасы өтті

Трансұлттық есірткі тасымалдаушы топтың жолы кесілді Көлік жүргізушілері үшін ең қауіпті ай – желтоқсан мен қаңтар. Өйткені бұл уақытта қысқы кезеңдегі барлық төтенше жағдайлардың үштен екісі болады екен. Сонымен қатар, соңғы кездері елімізде коғамдық көлікті басқару барысында апаттық жағдайлар жиі орын алуда. Осы сынды оқыс оқиғалардың алдын-алу үшін 11-13 қаңтар аралығында облыс көлемінде «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.
Күнделікті тіршіліктің күре тамырына қан жүгіртіп, тұрғындардың басты тасымал құралына айналған қоғамдық көліктердің қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан жүргізушіге жүктелер міндет ауыр. Қаншама адамның өміріне жауаптылық сезіне білу, жол жүру ережесін сақтай білуі керек. Шиелі ауданының тұрғындары діттеген жеріне дін аман жетуі үшін жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері жүргізушілерге жылдамдықты асырмай жүруін түсіндірді. 11 қаңтар күні бастау алған «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасына 12 қызметкер мен 6 автокөлік жұмылдырылды. Нәтижесінде 28 құқық бұзушылық анықталған. Мәселен, қоғамдық орында ішімдік ішіп, масаң күйде жүрген 7 дерек, қоғамдық орынды ластаудың 3 дерегі, қоғамдық орында өзгелерге тиісудің 18 дерегі анықталған.
«Өскен өңір» ақпарат   
18 қаңтар 2024 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031