Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік маңызды азық-түлік 3% жуық қымбаттады

Әлеуметтік маңызды азық-түлік 3% жуық қымбаттады


Фото: egemen.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада өзгеріссіз қалса, жылдық мәнде 2,9% өсті, деп хабарлайды Kazinform ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінде 19 зат бар. 

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2024 жылғы 9 қаңтарға/:
Күріш – 486 тг/кг
Сиыр еті (жауырын, төс бөлігі) – 2513 тг/кг
Орамжапырақ – 147 тг/кг
12 қаңтар 2024 ж. 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31