Мақтаулы маман

Осындай сәтте аудан аумағындағы желі атаулыны жатқа біліп, «жаңғақша шағып» отыратын энергетиканың нағыз білгірі деп әріптестері Рахымжан Қыстаубаевты атайды.
Рахымжан Сүйінбайұлының қай кезде де көздеген межеден көріне біліп, уақытпен санаспай еңбектенетін, жай ғана топ көбейтпей, әркез жетекші болып, жауапты міндетті өз мойнына алып жүретін әдетінен хабардар едік. Сол себепті оны әдейілеп іздеп барып, бірер сауалға жауап беруін өтінген болатынбыз.
– Мен туралы не айтуға болады? – деп күле сөйледі ол сөзге шорқақ адамның әдетімен. – Ел қатарлы тірлік жасап жүрген азаматпыз. Ерекше ештеңеміз жоқ…
Дегенмен, әрі-беріден соң біраз шешілген кейіпкеріміз бізді өзі туралы азды-көпті мәліметтен құлағдар етті. 2011-2015 жылдар аралығында ВВС электромонтері болып еңбек жолын бастағанын там-тұмдап баян еткен ол әңгіме электрлендіру саласына ауысқанда көсіліп сала берді. Одан әрі 2015-2017 жылдары ОШБ электромонтері, 2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін біліктілігі IV топ бойынша осы қызметті абыроймен атқарып келеді.
Төтенше жағдай орын алса, мәселенің анық-қанығын бажайлап барып іске кірісетін майталман маман ақауды қалыпқа келтірмей қайтпайды екен. Осыдан соң-ақ оған артылатын жауапкершілік жүгі ауырлай берген көрінеді. Олай дейтініміз, қай жерде энергетика проблемасы туындаса, Рахымжанды сонда жұмсауды басшылардың әдетке айналдырғаны рас еді. Оған себеп біреу-ақ – білікті маманның біліміне қай жерде де сұраныс мол.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ