ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР
Жол деген – экономиканың күретамыры. Сондықтан жол инфрақұрылымның сапалы болуы өте маңызды. Сыр өңірінде де жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр екен. Астанада есеп берген аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жолға қатысты біраз мәселені айтыпты.
Жақында ғана Сыр өңіріне жұмыс сапарымен арнайы барған Мемлекет басшысы Қызылорда облысы үшін бірқатар маңызды шешімдер қабылдады. Соның ішінде – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Ақтөбе қаласына дейінгі аумағын төрт жолаққа ауыстыруды тапсырды және Үкіметке осы мәселені тез арада шешу керектігін айтты. Сосын ұзақ жылдардан бері қоғам талқысында жүрген «Қызылорда-Жезқазған» жолының жағдайы. Бұл күнде Қызылорда облысы аумағына тиесілі 216 шақырымның 104 шақырымы толық аяқталған көрінеді. Республикалық маңызы бар жолдың құрылысы толық бітсе өңірге инвестиция тарту оңтайландырылмақ. Астанаға тек Қызылорда ғана емес, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарынан қатынайтын адам да, тасылатын зат та көбейе түседі.
Биыл республикалық және облыстық бюджет қаражатына Қызылорда облысында барлығы 38,5 млрд теңгеге, ұзындығы 671 шақырымды құрайтын жолдар жөндеуден өткен екен. Соның арқасында облыстағы жақсы жағдайдағы жол үлесі 87,5 пайызға жеткен.
Сыр өңіріндегі елдің әл-ауқатын көтеру, әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени бағыттағы барлық бастамалар мен жұмыстар баянды болғай!
Нұртөре Жүсіп,
ҚР Сенат депутаты
ҚР Сенат депутаты