ОҚЫРМАН ОЙЫ
Қазақ баспасөзінің ұранына айналған «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөз бар. Шиелі ауданының айнасы «Өскен өңір» газеті халықтың мұң-мұқтажын айтып, түрлі мәселені қаузап келеді. Солардың бірі ауданға белгілі журналист Сұлушаш Мадиярова көтерген – «Қара құлып салынып, стадион тұр жабылып» атты мақаласы.
Бұл мақала 13 маусымда басылымның №47 санында жарық көрген-ді. Онда көтерілген мәселе қоғам арасында айтарлықтай пікір туғызып, ой салды. Шындығында өзге облыстар мен аймақтарда бір ғана стадион бар. Сол бір ғана стадион халыққа қызмет етіп тұрады. Екі стадионы бар қала, аудан жоқ деседе болады. Болса да, сирек кездесетін жағдай. Өздеріңізге белгілі, біздің ауданда орталық стадион және Көкшоқы мөлтек ауданында үлкен стадион бар. Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан стадион – қазіргі заманауи талапқа сай.

Ол жерде кіші футбол алаңы, волейбол, баскетбол алаңдары және жаттығу залы, ғимаратында жуынатын орын және басқада қажетті дүниелер бар.
Жол бойында орналасқан,
көлік тұрағы да кең. Жөн-ақ. Бірақ кәдеге аспайтын, тек жылына бір рет ауқымды «Алтын күз» шарасын өткізетін орталық стадионды пайдаға жарату керек-ақ. Себебі ауданда тұрғындар демалатын демалыс орны кемде-кем. Сол үшін орталық стадионға қара құлыпты іліп қойғанша, үлкен етіп демалыс паркін тұрғызса, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл ұсыныс-пікір мақалада да айтылған. Біз оны қолдаймыз. Демалыс паркі ретінде «Жақаев саябағы» салынды. Ақиқатында, алыс деп ол жаққа ешкім аяқ баса бермейді. Ал орталық стадион демалыс паркін тұрғызуға таптырмас орын.
Естеріңізде болса, осыдан 1-2 жыл бұрын тілші Гүлнәр Дүйсебайдың «Неке бағы неге жоқ?» атты мақаласы жарыққа шықты. Сол мақаладан сәл үзінді келтіре кетейін... «Жалпы той тек көңіл көтеру, бар тапқанын шашып, жұртқа мақтану үшін ғана емес, аз да болса қоғамға ой салатын, жастарға тәрбие беретін деңгейде өтуі тиіс. Біздіңше некелескен жұбайлар бірнеше сағат уақытын анда-мұнда барып босқа өткізгенше тағылымы мол, өткені мен келешегін байланыстырып тұратын жақсы бір рәсімді дәстүрге айналдыруы қажет секілді. Осы орайда ұсынысымыз да жоқ емес. Егер көпшілік құптап, басшылық қолдап жатса ауданнан «Неке бағы» ашылса жөн болар еді. Жастар уақыттарын босқа өткізбей, қыдыру кезінде сол жерге барып тал, гүл отырғызса керемет емес пе? Пайымдауымызша, бұл орынды ашуға көп қаржы да жұмсалмайды. Тек алаңды қоршап, «Неке бағы» деп белгілеп, бағбанын сайлап қойсақ болғаны. Осылайша жайқалған «Жасыл елге» жетуге бір қадам жасар едік» делінген.
Құптарлық-ақ іс. Стадионды кәдеге асыратын уақыт жеткендей. «Көп тілегі қабыл» демей ме?! Ауданымыз бойынша маңызды деген жұмыстар міндетті түрде орындаларына сенеміз.
Ербол ЖЕҢСІКБАЕВ,
кент тұрғыны
кент тұрғыны