«Алтын күз – 2023»: 201 тонна өнім ұсынылады
Міне, күрең күздің қоңыр салқыны да сезілді. Барша ағайын қысқы мал-жанының азық-қорегін қамдау үстінде. Әдетте, қысқа қамданатын шақта күздің өз мерекесі еш ұмыт болып қалған емес. «Ырыс мол, алған өсім-өніміміз берекелі болғай» деп еңбектене тер төгіп, тапқан несібемізге қанағатшылдық танытып, шүкіршілік жасап, тәубешілдіктен арылмаған халықтың бірі екеніміз хақ. Бәлкім, осы бір барға қанағат жасауымыздан болар, барымызды бағалап, әр жылдың күз мезгілін мерекелеп өткізу ертеден қалыптасқан үрдіске айналған. Биыл да бұл үрдістен жаңылмай Шиелі ауданының орталық стадионында «Алтын күз – 2023» мерекесі үлкен деңгейде аталып өтпек. Әзірлік қалай? Тұрғындарға нендей тосын сый ұсынбақ? Бұл жөнінде толығырақ аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбековтен сұрадық.
– Мұрат Шайтмағанбетұлы, әне-міне дегенше қоян жылын да аяқтаймыз. Осы сіз басшылық етіп отырған салада 9 айдағы көрсеткіш қандай? Нәтиже қуантарлық па?
– Ауданда 2023 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы саласы бойынша 31 млрд 500,4 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,0%-ға орындалды. Атап айтсақ, егін шаруашылығы бойынша 21 млрд 503,5 млн теңге, мал шаруашылығы бойынша 9 млрд 738,9 млн теңге өндірілді.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда өндірілген өнімнің үлесі 2 млрд 077,3 млн тенгеге артқан. Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі индикаторларының іс-шара жоспарына сәйкес, мал шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Төрт түлікте де өсім бар. Ағымдағы жылдың 1 қазанына мүйізді ірі қара – 93 089, қой мен ешкі – 141 241, түйе – 1705, жылқы – 24 819, құс – 30 079 басты құрады. Аудан бойынша мал басының артуына байланысты өндірілген өнімдерде өсімде де өзгеріс бар. Төрт түлік малдан өндірілген өнімдер (тірілей салмақта) 4000,2 тонна ет, 15 551,5 тонна сүт 1889,6 мың дана жұмыртқа өндірілді. Егіс көлемі бойынша биыл 30 792 гектарға егін егіліп, былтырғы жылдан 718 гектарға артып отыр. Негізгі дақыл күріштің үлесі – 13 176 гектар құрады. Мал азығы қорын жасақтау үшін шөп дайындау жоспары 158,4 мың тонна болса, артығымен 164,8 мың тонна шөп жиналды. Оның ішінде 63 021 тоннасы жоңышқа шөбі. Қысқы мал азықтық қорына жоспарлы 36,4 мың тонна жемнің 37,6 мың тоннасы дайын. Жоспарлы 32,7 мың тонна сабанның 34,2 мың тоннасы дайын.
– Су тапшылығының әр жыл сайын сезіліп жатқанын жасыруға келмес. Бұл бағытта қандай жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр?
– Биыл «Шиелісушар» өндірістік учаскесі теңгерімдегі, «02» шаруашылық аралық каналының 2 шақырымына, «Р-8» каналының 3,6 шақырымына, «Ескі сол жаға» каналының сағасына және «Жаңа Бестам» каналының 3 шақырымына және «Жаңа Сұлутөбе» каналының 5 шақырымына «Қазсушар» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда филиалының тарапынан механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Аталған каналдардың қайыр басқан жерлері толықтай тазаланды.

Сонымен қатар Еңбекші ауылдық округі, Қосүйеңкі елді мекенін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы 2-2-2 каналына жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мекемесі тарапынан 92 млн теңге қаржы бөлініп 23 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Шиелі кентінің аумағына Сырдария өзенінен 22 бекет каналы арқылы келетін, кент тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған, «Базар» және «Байсары» арықтары Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мекемесінің теңгерімінде. «Базар» арығының жалпы ұзындығы 8400 метр, 2016 жылы 2886 метріне темір бетонды науа (латок) салынған. Бетонды науа салынбаған жері 5514 метр. «Байсары» каналының жалпы ұзындығы 2881 метр, 2017 жылы 1949 метріне темір бетонды науа салынған. Бетонды науа салынбаған жері 932 метр. Жалпы «Байсары» және «Базар арығы» каналдарының бетонды науа салынуды қажет ететін ұзыныдығы 6446 метрді құрайды. Қазіргі таңда «Базар» каналының темір бетонды науа орнатылмаған бөлігіне Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 2023 жылға бетонды науа (бетондауға) жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 5 млн 600 мың теңге, «Байсары» каналының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 3 млн теңге қаражат бөлінген. Жоба-сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Сараптама жұмыстары жүргізілгенен кейін қазу, тазалау және бетондау жұмыстарына толық қаражаты белгілі болады. 2023 жылы бөлінген жағдайда қазу, тазалау және бетондау жұмыстары басталады. Осыған орай, қалған бетонды науа салынбаған 6446 метр жерге науа салынатын болады. Сонымен қатар, 2023 жылы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының» тарапынан 14 дана насос қондырғылары берілді. Оның ішінде Қоғалы ауылдық округіне 4 дана KY-560 дизельді, Бестам ауылдық округіне 3 дана дизель, Тұран ауылдық округіне 2 дана электр, Бәйгеқұм ауылдық округіне 1 дана дизель, Еңбекші ауылдық округіне 2 дана дизель және Жөлек ауылдық округіне 1 дана электр, 1 дана дизелді насос қондырғылары берілді.
– Биыл диқан қауымына қандай көмек түрлері қарастырылды? Жалпы еңбек адамдарының мәртебесін көтеру бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Жылда мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында қайтарымсыз субсидиялар беру жұмыстарын жүргізуде. Субсидиялауда егілген егіс көлеміне қарай кеткен шығынының 50 пайызға дейін қайтару қарастырылған. Егіске пайдаланылған тыңайтқыш, гербицид пен пестицидке, сатып алынған жоғары репродукциялы тұқымдарға және су мен басым дақылдарға, сондай-ақ, инвестициялық бағытта субсидиялар төленуде. Жылда ауданның үздік, озат еңбек адамдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен және де облыстық марапаттарда да бой көрсетіп жүр.

– Мұрат мырза, биылғы жәрмеңкелер жайлы сөз қозғасақ. Ерте көктемнен бері қанша жәрмеңке ұйымдастырылды? Қанша тонна және өнімнің қай түрлері сыртқа шығарылды?
– Азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бері Астана қаласында 1 рет, Қызылорда қаласында 2 рет, Шиелі кенті орталығында 2 рет, жалпы алғанда 5 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жалпы өнім көлемі 287 тоннаны құрады. Алдағы уақытта тағы Қызылорда қаласында 4 рет, Шиелі кенті орталығында 2 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болады деп күтілуде.

– Жалпы Шиелілік өнімдер экспортқа шықты ма?
– Иә, әрине. Биыл ауылдық округтер Ресей Федерациясына соның ішінде Уфа, Оренбург, Астрахань, Казань, Саратов бақша өнімдерін экспортқа шығарды. Тұран ауылдық округі 200 тонна қызанақ, 66 тонна қарбыз, 50 тонна қауын: Ақмая ауылдық округі 151 тонна қызанақ, Жуантөбе ауылдық округі 60 тонна қарбыз, Бәйтерек ауылдық округі 145 тонна қауын, 140 тонна қарбыз, 120 тонна қызанақ, Ақтоған ауылдық округі 20 тонна қауын, 30 тонна қарбыз шығарды.

– Ал енді негізгі сұраққа ойыссақ. Жыл сайын «Алтын күз» мерекесін әлеумет асыға күтеді. Не дегенмен, бұл аудан мен ауылдық ағайынның ауызбіршілігін, ынтымағын көрсетеді. Бұл мерекеге санаулы күндер? Дайындық барысы қалай?
– Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдың 20-21 қазан күндері облыс орталығында «Алтын күз» мерекесін тойлау жоспарланып отыр. Соған сәйкес, 2023 жылдың 21 қазан күні Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті орталық алаңында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Шиелі ауданынан жалпы кент және 22 ауылдық округ толық қамтылып, 70 дана көлікпен 201 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері апарылатын болады. Бұл жәрмеңкені жылдағыдан өзгеше етіп өткізу мақсатында ауданда өндірілетін барлық өнім түрлерінен көрмелер ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ Шиелі кентінің аудандық сапаржайында 22 қазан күні де аудандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілетін болады. Бұл шараға да кент және барлық 22 ауылдық округ толық қатысып, 40 көлікпен 100 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері қамтылады. Өткізілетін жәрмеңке барысында барлық сауда жасайтын әрбір сатушының тиісті киімінің (фартук, бас киім, бейдж, қолғаптар бірдей үлгіде болуы тиіс) бөлшек сауда жасау үшін тауарларды салып беретін қаптамалар мен пакеттердің сауда жасайтын әрбір сатушыда медициналық кітапшасы, ет өнімдеріне ветеринариялық анықтамалардың болуы қаматамасыз етілген. Жәрмеңкеге шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада сатылады. 22 қазан күні «Алтын күз – 2023» салтанатты шарасында 20 номинация бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің озаттары марапатталады. Озаттарға бағалы сыйлықтар үлестіріледі.

– Өткен жылдан қандай ерекшелік болмақ? Тұрғындарға қандай тосын сый әзірлеп жатсыздар?
– Иә, жылда аудан халқы «Алтын күз – 2023» салтанатты шарасын асыға күтеді. Аудан диқандары жыл бойы жасаған еңбектерінің зейнетін көретін уақыт десек те болады. Бұл жылы да ауыл шаруашылығының үздіктері, еңбек адамдары марапат төрінде болады. Эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламалар мен отшашулар ұйымдастырылып, жылдағыдан өзгеше, керемет іс-шара болады деп күтілуде.

– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан
Сұлушаш МАДИЯРОВА
Сұлушаш МАДИЯРОВА