ТАРИХТАН СЫР ШЕРТКЕН СУРЕТТЕР
Аудандық тарихи-өлкетану музейі – өлкенің тарихынан, ұлттың мәдениетінен хабар беретін қазыналы орта. Музейде сақталған әрбір құнды жәдігер келешек ұрпаққа таптырмас мұра. Ал 95 жылдық тарихы бар Шиелінің өткеніне көз жүгіртсеңіз, фотошежіресі сайрап тұрған Саидхасан Хутаевтың еңбектерін көресіз.
Музейге кіре салысымен түрлі экспонаттар мен бабалар қолданған тұрмыстық заттар, ұлттық аспаптар мен орта ғасырлық қарулар, шығырлар мен құмыра сынықтары, осы өлкеде туып өскен тұлғаларға арнайы әзірленген бұрыштармен таныстық. Бұдан бөлек, ерекше көзге түскені үлкен көлемде жинақталған фотопленкалар тізімі еді. Ол қандай фотошежіре? «Өскен өңір» газетінің фото тілшісі болған марқұм Саидхасан Хутаевтың жеке қорындағы мұрағаттар. Осы тұрғыда мәдениет саласының ардагері Исабек Байкенжеев: «Өздеріңіз білетіндей, Шиелі ауданының 95 жылдығына орай шаралар өткізілуде. Тарихи-өлкентану музейі де мерекеге сәйкес жұмыстарын бастап кеткен. Осыдан бірнеше жыл бұрын өзім басшылықта жүрген кезде мекеме қызметкерлерімен С.Хутаевтың жеке қорындағы мұрағаттарды алуға тырыстық. Барлық мұрағаттарды музейге әкеліп, зерттеу жұмыстарын жасадық. Мәселен, фотопленкаларда кемінде 30 мыңдай суреттер бар. Бұл әлі фотопленка күйімен тұр. Енді оны компьютерге жүктеп, электронды нұсқаға көшіру ғана қалды», – деді.

Жұмыс барысында көптеген қиыншылықтар болған көрінеді. Қарастырылған суреттердің бірінде аты-жөндері жазылған болса, енді біреуінде жоқ. Зерттеу үстінде И.Байкенжеев 1500-дай сурет көріп шығады. Қиын жолдың шешімін тауып, бір жолын іздей бастайды. Сөйтіп, ол «Өскен Өңір» газетіндегі деректерді ақтарады. Әрмен қарай мәліметтерді ұялы телефонына түсіріп алып, салыстырады. Ендігі жұмыс фотопленкалардағы суреттерді электронды нұсқаға көшіріп, газетпен салыстыра отыра тұлғалардың аты-жөндерін табу. Мүмкіндігінше мерейтой қарсаңында 1 томдық кітап шығару басты мақсат.
Музей – бұрынғы мен қазіргі рухани мәдениетті сақтап, насихаттайтын киелі орын. «Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың» демекші, тарихтан сыр шерткен суреттер келер ұрпаққа өз қалпында жетеді деп ойлаймыз.
Айнұр Ибрашева,
сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТТІКІ
сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТТІКІ