Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуі назарда

Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуі назарда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаментініңбасшысы Әшірбаев Әділхан Хасымханұлының және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының міндетін уақытша атқарушы Ысқақова Райхан Құсайынқызының баспасөз-конференциясы өткізілді.
Баспасөз конференциясы барысында сала басшылары кезекпен сөз алып, атқарылған жұмыстардың барысына және алға қойған мақсат-міндеттеріне тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А. Мұхимов, мемлекеттік қызмет саласында биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі Мемлекет басшысына алғаш рет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы Ұлттық баяндаманың ұсынылғандығы екендігін айтты.
Облысымызда мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсу мәселесіне жоғары мән берілуінің нәтижесінде ішкі конкурстардың қорытындысымен жұмысқа қабылданған 99 тұлғаның 74,6 пайызы жоғары лауазымдарға тағайындалған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 66 пайызды құраған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы 389 қызмет түрі бойынша 956567 қызмет көрсетілген, оның ішінде, электронды түрде 356035 қызмет көрсетіліп, жалпы көрсетілген қызметтің 44 пайызын құраса, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 28 пайыздан аспаған. Яғни, электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлесі 2017 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2 есеге жуық артқан.
Департамент пен Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта артық қызмет жасауына және олардың үстеме ақы, материалдық жәрдемақы және сыйақы беру, еңбек демалысына шығару кезінде құқықтарының сақталуына, іссапар шығындары мен кепілдері уақытылы төленуіне талдау жасалып (сауалнама және рейд),талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің50 пайызы жұмыс көлемінің ауқымдылығына байланысты жұмыстан тыс уақытта, демалыс күндері жұмыс жасайтындықтарын білдірсе, кейбір қызметшілердің еңбек демалысына шығару, іссапар шығындарын өтеу кезінде құқықтары бұзылғандығы анықталған.
Департаментпен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөліктерді тек қызметтік мақсатта ғана пайданалануына азаматтық қоғам өкілдерімен, белсенді блогерлермен бірлесіп рейд шаралары өткізілген. Рейд нәтижесінде 15 қызметтік автокөліктердің қызметтен тыс мақсатта пайдаланылғаны анықталып, тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынымдар берілді.
Өткен жылы облыстың 2 мемлекеттiк кызметшісі (1 Арал аудандық жұмыспен қамту бөлімі, 1 Табиғи ресурстар басқармасы) қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Әдеп кодексі нормаларын өрескел бұзған. Департаменттің ұсынысы негізінде аталған қызметкерлер қатаң жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу бағытындағы маңызды жобалардың бірі «Қоғамдық бақылау картасы» жобасының жүзеге асырылып жатқандығы туралы баяндалды. Жоба аясында жол, әлеуметтік объектілердің құрылысы, көгалдандыру және өзге салаларда жемқорлықтың алдын алу бойынша қоғамдық бақылау орнату мақсатында«WhatsАpp», «Telegram» мессенджерлері мен «ВКонтакте», «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде аккаунттар ашып, департаменттің call - орталығы (70-25-20) жұмыс істеп тұрғандығы хабарланды. Бүгінгі күнге дейін әлеуметтік желідегі парақшалар мен call - орталық арқылы 16 өтініш түсіп, олар бойынша тиісті жұмыстар жасалған. Өтініштердің 5-уі жер мәселесі, 3-уі құрылыс, 4-уі білім, 2-уі ішкі істер, 2-уі өзге де мәселелер.
30 сәуір 2018 ж. 1 308 0