Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюрократиялық кедергілерді анықтауда тұрғындардың ұсыныстары маңызды

Бюрократиялық кедергілерді анықтауда тұрғындардың ұсыныстары маңызды


Мемлекеттік аппараттың бизнес үдерістеріндегі бюрократияны мейлінше азайтқанда ғана,оның тиімділігі артады.Бұл Жаңа Қазақстанды ілгері дамытуға және азаматтардың тұрмыс деңгейін жеңілдетуге ықпалы зор.Бүгінгі таңда, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегімемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығына сәйкестүрлі салалардағы бюрократиялық кедергілерді анықтау мақсатында талдау жұмыстары жүргізілуде.
Үстіміздегі жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізіліп, Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментіне қаржы және сауда саласына талдау жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Осы мақсатта Департамент жанынан жұмыс топтары құрылып,сала мамандарымен тығыз жұмыстар жасалды. Талдау барысында саладағы өзекті проблемалар мен кемшіліктер назарға алынды. Нәтижесінде сауда саласы бойынша - 6 ұсыныс, қаржы саласы бойынша - 12 ұсыныс Агентікке жолданды.Ұсыныстардың 1-уі қолдау тапса, 2-уі зерделену үстінде.
Қазіргі таңда, Агенттік тарапынан мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша ауыл шаруашылығы (жер қатынастары, ветеринария) және экология (су, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі) саласындағы мемлекеттік органдардың қызметіне талдау жүргізілуде.
Талдауға аталған салаларда көрсетілетін 124 мемлекеттікқызмет (экология - 57, ауыл шаруашылығы - 67) пен 1 мыңнан астам функциялар (Экология және табиғи ресурстар министрлігі - 664, Ауыл шаруашылығы министрлігі - 577) іріктелінді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесіне талдау жүргізу үшін Агенттіктің аумақтық департаменттеріне бөлініс жасалды.Тапсырмаға сәйкес Департамент мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту тұрғысынан ауыл шаруашылығы саласындағы, атап айтқанда:
1) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;
2) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге талдау жүргізуде.
Осы ретте, тұрғындар, қызмет алушылар және сала мамандары тарапынан, жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетінқызметтерді алу барысында кездесетін бюрократиялық кедергілерді жою бойынша ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жолдаса деген тілегіміз бар.
Алдағы уақытта зерделеп, талдауды қажет ететін жұмыс легі көп. Қазір – тез қимылдап, жедел әрекет ететін уақыт. Сондықтан ағымдағы жұмыстарды да ақсатпай, өзгерістерді де мейлінше тез қолданысқа енгізу - бүгінде басты талап.

Марат Айтқожа
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы
18 тамыз 2023 ж. 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30