Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » TOPIQ – ТАЛАНТТЫЛАРДЫҢ ТУЫНДЫСЫ

TOPIQ – ТАЛАНТТЫЛАРДЫҢ ТУЫНДЫСЫ

Әлемдегі зерттеушілердің дәлелдеуінше қазіргі заман талабына сай цифрландыру барлық салаға қажет. Бүгінгі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Цифрлық сауаттылық – ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі. Сол себепті білім беру саласына цифрландыру міндетті түрде қажет. Бұл біріншіден, білім беру процесіне енгізілген жаңа оқу құралдарына кез келген оқушының қол жетімділігін арттырады. Екіншіден қарапайым дәріс беруге қарағанда, әртүрлі технологияларды танып, соларды пайдалану оқушыларға дәстүрлі білім бергеннен қызығырақ. Ал үшіншіден цифрландыру арқылы білім алушылар ақпарат көзіне қанық болып, оны кез келген тілде оқи алады.
Бұдан бөлек цифрландыру заманауи қағаз процестерін жеделдету, мекеменің атқарушылық және әкімшілік қызметтеріне қажет. Қазіргі таңда білім беру саласын цифрландыру қарқынды белен алуда. Мәселен 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында біршама елеулі жұмыстар жүзеге асырылды. Мысалы білім және ғылым саласының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді ұсыну, ғылыми гранттарға өтінім беру және есептерді қабылдау бойынша бірқатар рәсімдер цифрландырылды. Тіпті қазіргі кезде оқулықтардың да электронды нұсқасын емін-еркін пайдалануға болады. Жалпы цифрландыру туралы сөз болғанда «Алматыкітап» баспасы қолға алған «TopIq» электронды оқулықтар платформасын айтпай кетуге болмайды. Себебі бұл – тұңғыш отандық цифрлық оқулықтар платформасы. Бұл жоба ең алдымен мұғалімдерге бағытталған қазіргі заманғы мектепте ақпараттық мәдениетті дамыту, цифрлық оқыту ортасын құру, жаңа электронды оқу өнімдерін тәжірибелік дамыту үшін қажет. Аталған платформада 1-11 сынып оқушыларына арналған электрондық оқулықтар бар. Әрине, ондағы оқулықтардың барлығы ҚР БжҒМ талаптарына сәйкес келеді. Платформаны пайдалану арқылы мұғалімге жаңа тақырыпты түсіндіру тиімді болса, оқушыға үй тапсырмасын орындап, жаңа ақпаратты игеру оңайға соғады.
«Мың рет естігенше, бір рет көрген артық» деген тәмсіл тегін айтылмаса керек-ті. Жаңа заманның жас мұғалімі ретінде мен де өз тәжірибемде «TopIq» платформасын пайдаланып көрдім. Әрине, сағат сайын әртүрлі сыныптың оқушыларымен жүздесетін болған соң, барлық ақпаратты мүлтіксіз есте сақтау мүмкін емес. Ал осы платформа арқылы барлық оқушыға дайын тапсырма тағайындап, тіпті қосымша материал да тіркеуге болады. Сондай-ақ үй тапсырмасын тексеру де қиындық туғызбайды. Үй тапсырмасын тексере отырып, дер кезінде бағалап, қате немесе ерекше ұнаған жерін пікір ретінде қалдыруға болады. Тек мұғалімдер үшін емес, оқушыларға да электронды оқулықтар платформасын пайдаланған жылдам әрі оңай. Ең біріншіден, олар ауыр кітаптарды арқалап, зорықпайды. Екіншіден, тапсырманы кез келген уақытта, кез келген жерде орындай алады. Жалпы «Topiq» электронды оқулықтар платформасының тиімді тұстарын айта берсек жазып тауыса алмаймыз. Ең бастысы оны тәжірибеде байқап көріп, технология заманына ілесіп, жұмыс істеу қажетпіз. Қазіргі заман жылдамдық пен сауаттылықты талап етеді. Ал жылдамдық бізге осындай электронды платформалар арқылы келетіні сөзсіз.
Бүгінде жастар қауымының барлығы дерлік жаңа технологияны мүлтіксіз, еш қатесіз пайдалана алады. Компьютер, ұялы телефон, кез келген сайт немесе арнайы порталдарды жасөспірімдердің еш қиындықсыз қолданатыны да жасырын емес. Себебі олардың көбісі бар уақытын трендтегі технологиялармен бірге өткізеді. Бірақ технология кері әсерін тигізбес үшін, оны сапалы пайлалана білу керек. Яғни жас буын бос уақытын осындай пайдалы платформалармен өткізгені жөн. Электронды оқулықтарды, ақпараттық технологияны пайдалану заманның талабы екенін ұмытпауымыз тиіс.

Бақытжан ЫБРАШЕВ


19 шілде 2023 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930