Төрт күндік жұмыс тиімді ме? - министрлік жауабы
Осы аптада еңбек талаптарына қатысты талқыланған жобалардың бірі – 4 күндік жұмыс аптасы. Қазақстанның еңбек кодексіне осындай өзгеріс енгізіліп жатыр. Министрліктің мәліметінше, 4 күндік жұмысқа мекемелер шілде айында ресми түрде көше алады. Бірақ бұл тұтас халық осындай жұмыс режиміне ауысады деген сөз емес. Бұған байланысты жуырда еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрлігі түсініктеме берді.
4 күндік жұмысқа көшу туралы ақпарат екі жылдан бері қызу талқыланып жатыр. Бастапқыда жай сөз болып көрінген бұл жаңашылдықты үкімет шілде айынан бастап қолданысқа енгізбек. Еңбек минстрлігі 4, 5, 6 күндік жұмыс тәртібін апта сайын алмастыра алатынын айтты. Демек, қазақстандықтардың жұмыс сағаттары қысқармайды.
«Осы аптада қызметкер 4 күн жұмыс істесе, келесі апта 5 күндік жұмысқа ауысады. Бірақ өзгеріс жұмыскердің өз ұсынысымен енгізіледі. Жұмыс берушінің де келісімі қажет. Жалпы демалыс күндері өз қалпында қала береді. Сөйтіп, 4 күн жұмыс істейтін қызметкерде қосымша демалатын бір күн пайда болады», – дейді министрліктің баспасөз хатшысы Сәкен Ділахмет.
Ал жалпыға ортақ төрт күндік жұмыстың тиімділігін біліу үшін ең алдымен ірі компаниялар мен бірқатар мемлекеттік мекемелерге енгізіп көру керек дейді сарапшылар. Сонда ғана бұл жұмыс кестесінің Қазақстандық экономикасына сай келе ме, жоқ па нақты белгілі болады. Әлем елдері де дәл осылай бірнеше тәжірибе жасаған.