СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ
Бүгінгі Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық.
Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр. Сыбайлас жемқорлық – ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп ойлау теріс пікір, жемқорлықпен бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды. Ал, онымен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді даму үстіндегі және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Жекелеген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес ұтымды жүргізілгенімен, егер сыбайлас жемқорлық үшін негіздер жойылмаса, оның нәтижелері уақытша ғана тиімді болмақ. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мен жоюға бағытталған жүйелі жұмысты жолға қоюдың маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингтердің көшбасшылары қатарында тұрған елдердің тәжірибесі адал өмір салтын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін, дұрыс, заңға мойынсынушылық мінез-құлық стереотипін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық шаралар шешуші рөл атқаратынын көрсетеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында әдептіліктің түрлі аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік билік институттарын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын сақтау мәселелерін жазу, сыбайлас жемқорларды әшкерелеу мен жазалау туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық іс-қимылдардың зияндылығы, оны қабылдамауға қатысты азаматтық пікірлер қалыптастыру қажет.
Бұл өте асқақ міндет және оны жеке-дара іске асыру қиын. Осынау өте маңызды және күрделі міндетті шешу үшін мемлекеттік органдар мен қоғамның барлық күш-жігерін біріктіру қажет, себебі, жүйелі көрініс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу кешенді және дағдыдан тыс тәсілдерді қажет етеді.
Ж.Кенебекова,
Шиелі аудандық архивінің ІІ санатты архивисті