ҒЫЛЫМНЫҢ ЖОЛЫН СЕРІК ЕТКЕН
Ғылым жолы – қай кезеңде де жоғары бағаланған, үлкен жауапкершілікті талап ететін, қызығымен бірге қиындығы қатар жүретін аса күрделі сала. Нұрайша Бекеева – осы бағытта толассыз ізденіс пен тынымсыз еңбектен жалықпаған жандардың бірі. Ол бүгінгі таңда бар саналы ғұмырын қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына арнап, ғылым жолында үлкен қызметтер атқарып жүр. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, сан түрлі қабілет пен қасиетті бойында ұштастырған тіл маманының өмір жолына шолу жасап көрелік.
Нұрайша Бекеева – 1963 жылы 10 желтоқсанда жарық дүниеге келді. Еңбек жолы 1980 жылы жұмысшы, мәдениет үйінің меңгерушісі болып қызмет етуден бастаған. 1982-1987 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығы
Нұрайша Бекеева – 1963 жылы 10 желтоқсанда жарық дүниеге келді. Еңбек жолы 1980 жылы жұмысшы, мәдениет үйінің меңгерушісі болып қызмет етуден бастаған. 1982-1987 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығы
бойынша аяқтап шығады. 2000 жылы профессор Ж.Дәдебаевтың жетекшілігімен «Қазақ поэзиясындағы трагедиялық ахуал мен қаһармандық рух» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Филология ғылымдарының кандидаты. 2014-2019 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдап, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алады. 2018-2021 жылдар арасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дің докторантурасында білім алған.
Жастық жолы мен күш-қайратын білім беру, ғылым қуу жолына арнаған Нұрайша Жүсіпқызы 1988-1989 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №131 орта мектепте орыс сыныптарына қазақ тілі пәнін оқытушы қызметінде болады. Одан кейін 1989-2003 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Нархоз университеті) оқытушыдан бастап, аға оқытушы, доцент лауазымына дейін өседі. 2001 жылы КИМЭП университеті, Тілдер орталығына келісімшарт негізінде оқытушы болып қабылданады. 2014 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін осы оқу орнының Білім беру және гуманитарлық ғылымдар колледжінде аға оқытушы қызметін атқарып келеді.
Н.Бекеева қызмет барысында халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларда тілді оқытудың жаңаша технологиялары, әдебиеттану, тюркологияға қатысты маңызды және өзекті тақырыптарда баяндамалар жасаған. Бұл баяндамалар Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Түркия, Жапония, Швеция сияқты мемлекеттердің төріне сапар шекті. Бұдан бөлек Қытай ҚР Синьцзян педагогикалық университетінде, Түркия Гази университетінде арнайы кәсіптік тағылымдамадан өткен. Қажырлы еңбек жолында 1 монография, 4 оқулық және 50-ден аса ғылыми, әдістемелік мақалалардың авторы атанып үлгерді.
Тәжірибелі тіл маманының еңбек жолы түрлі жетістіктер мен жеңістерге толы. Ол ғылым саласына қосқан үлесі үшін 80-нен астам арнайы тақырыптық және біліктілік сертификаттар мен бірнеше алғыс хаттардың иегері атанған. Мәселен, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңның», Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында жариялаған «Үздік оқулықтар мен мультимедиялық бағдарламалар» атты республикалық байқаудың жеңімпазы болды. Ал 2019 жылы «Үздік ғылым кандидаты – 2019» атты медальмен, 2020 жылы Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісімен марапатталған. 2021 жылы ақын М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай ақын поэзиясы бойынша ғылыми зерттеулері үшін «М.Мақатаев төсбелгісі» ұсынылды.
Қазіргі таңда Нұрайша Бекеева – отбасылы жан, шаңырағында ұлы мен қызының ақылшысы болып отырған аяулы ана. Жолдасы Мағұлұмов Дүйсенбек – «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» белгілі журналист, «Балдырған» журналының бас редакторы. Ұлы мен қызы қаржы саласында жұмыс істейді.
Сапалы білімнің негізін құрап, біліктілікті алға тартқан іскер әрі қабілетті маманның ғұмыры сан салалы тәжірибеге толы болуымен нұрланып тұр.
Таслима ТЕМІРБЕКҚЫЗЫ,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің
4-курс студенті
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің
4-курс студенті