Көптен бері көңілімде жүр еді
Сыр бойы теміржол станцияларындағы басты нысандар 1901-1907 жылдары кеңес үкіметі тарапынан жүргізілген Орынбор-Ташкент теміржолы бойында орналасқан. Аталған станцияларда сол заманға лайықты теміржол вокзалдары, деполар, су айдайтын мұнаралар теміржолшыларға арналған ауруханалар мен емханалар, моншалар, тұрғын үйлер салынып пайдалануға берілді. Патша заманында орыс инженер құрылысшылары салып шыққан ол насындар бір кездері ауданға көрік берді.
Негізгі мамандығым тарихшы болғандықтан Орынбор-Ташкент, Түркістан-Сібір, Мойынты-Шу теміржолдары аталатын нысандардың тарихына арналған жеті томдық жинақты жарыққа шығарған едім. Ізденіс үстінде жүргенімде кіндік қаным тамған Шиелінің тарихы жайлы Ресейдің мұрағатынан мынадай деректі көзім шалды: «Ст.Чіили IV кл. (1696 вер.). Буфеть. Местность равнинная (70, 80 саж.Надъ уровнемъ моря), Въ 4-хъ верстахь селение «Скоблевское» (800 д.об.п.), основанное крестьянами переселенцами въ 1895 годы, въ плодородной местности, орошенной большимъ арыкомъ Чіили».

Бір фотосуретте теміржол бойындағы қадаға «Стоиль N8» деп жазылған.
Теміржолшыларға арналған сол шағын саябақ әлі есімде. Сонау 60-ыншы жылдары оның ортасында фонтан болатын.Теміржолшылар фонтанды айнала демалып отыратын, бос болса мектептен қайтқан оқушылар әлгі фонтанды қызықтай кететінбіз.
Еліміз қалай тәуелсіздікке қол жеткізді, сол сәттен бастап ту-талақайға түсіп көрінгенге арзан бағаға сатылып кеткендердің бірі осы теміржолшыларға қатысты нысандар болды. Сондай күйге Шиелі станциясы бойындағы нысандар да іліккен. Өткенді қазбалай беріп қайтеміз?! Ең бастысы еліміз Тәуелсіздігін алды. Ендігі кезекте қолда бардың қадірін біліп, күтіп ұстау. Әсіресе, теміржол, вокзал басшылығы Шиелі кентінің сәнін бұзып тұрған теміржол маңындағы қоқыс қалдықтарды тазартса деймін.
Содан соң Кеңестік кезеңде ең биік марапат «Ленин ордені» болса, сол орденге ие болған шиелілік Пірман Аманбаев және кезінде 17 жылға жуық Шиелінің депосын басқарған Кеңес Одағының «Құрметті теміржолшысы», Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», бүгінгі Яссауи көшесі бойындағы теміржолшыларға арналған екі қабатты үйді салып, пайдалануға берген Лепес Жанияздың бюстерін кенттің көрікті жерлеріне орнатып қойса деген ұсынысым бар. Себебі тарихты құрметтеу, елге еңбегі сіңген елеулі тұлғаларды ел жадынан өшірмеу қай заманда да күн тәртібінен түспейтін мәселе. Менің бұл ұсынысымды Шиелінің барша тұрғындарымен қоса теміржолшылар қауымы да қолдайды деп ойлаймын.
Лепес Жанияз – шиелілік теміржолшыларды 17 жыл басқарған. Одан кейін Қызылорда депосының басшылығына дейін жоғарылады. Шиелілік теміржолшы жастарға көп қолдау білдірді. Оқшы атадағы алғаш ашылған Есабыз ата мешітін тұрғызған Лепес Жанияздың атына Қызылорда теміржол бойындағы теміржолшылар саябағына есімін беру туралы ұсынысымды жеткізген болатынмын.
Республикалық Ономастикалық комиссиясының тарихи тұлғаларға көше, нысан атаулары өмірден өткен соң 5 жылдан кейін берілуі керек деген шешімі бойынша келесі жылы 12-ші тамызда аталған саябақ Лепес Жанияздың есімімен аталады деген сенімдеміз.
Өтеген Әбдіраман,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Қазақстан теміржолшысы» газетінің штаттан тыс тілшісі
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Қазақстан теміржолшысы» газетінің штаттан тыс тілшісі