Саятшылыққа салғырт қарамайық
Ойлы көзбен қарап, зерделі сөзбен санап көрсең, қазаққа тән жақсы қасиет мол екеніне көз жеткізесің. Бағалай білсек, бақайдан басқа дейінгі,ондай ұлттық үлгілеріміз жетіп артылады. Солардың қатарында қазақтың саятшылық дәстүрінің де лайықты орны бар. Иә, арғы-бергі тарихқа көз жіберіп, ой тоқтатсақ, құсбегілер біраз елде болған. Бірақ дәл қазақ секілді қалыбында сақтап қала алмаған. Алайда, ата-бабадан қалған саятшылық кәсібіне қазір қаншалықты көңіл бөліп жүрміз?
Үндістер бүркітті қатты құрметтеп, сыбызғы секілді аспаптарының үстіңгі жағына бүркіттің бас бейнесін ағаштан ойып жасайды екен. Бір қызығы, одан шыққан дыбыстің үні де бүркіттікіне ұқсас. Еріксіз көз алдыңызға бейнеленеді. Көшпелі бай арабтарда, ақсүйек бәдәуилері құс салып, саят құруды өздеріне зор мәртебе санаған. Бірақ олардың қыран бүркіттен гөрі кішігірім сұңқар көтеруге ғана мүмкіндігі жетті. Өйткені, олар түрік халықтарындай ат өнеріне жетік емес еді.

Сұңқар Біріккен Араб Әмірліктерінің символы болып табылады әрі соған орай бұл құс олардың елтаңбасында және банкноттарында бейнеленген. Ал осы күні саятшылық дәулетті арабтардың сүйікті ермегіне айналды. Олардың айтуынша, құс баптап, аңға салу арабтар үшін үлкен мәртебе екен. Осылай жалғаса берсе, қолда бардың қадірін білмей, тектілік тұнған өнерімізден де көз жазып қалуымыз ғажап емес.
Бір көңіл қуантарлығы, біздің саятшылық өнеріміз ЮНЕСКО-ның материалдық емес құндылықтарының тізіміне енген. Дегенмен, Қазақстан саятшылық өнерді ЮНЕСКО-ға төл мұрасы ретінде енгізген 13-ші ел екен. Мұның өзі біздің саятшылыққа салғырт қарайтынымыздың дәлелі. Өзімізге Қазақстаннан басқа ешкім бүркіт, қыран құстармен саят құрмайтындай көрінеді. Бірақ, бұл өнерді көшпелі елдер ғана емес, Еуропаның елдері де өздеріне әлдеқашан еншілеп, бекітіп алыпты. Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Испания, Франция, Моңғолия, Морокко, Катар, Словакия, Сирия, Чехия және Оңтүстік Корея мемлекеттерінен кейін Қазақстан тізімді толықтырды. Сонда, ата-бабамыздан мұраға қалған саятшылықтың ауылы бізден алыс болса, бүркітті біздікі дей аламыз ба? Әлде, біз саятшының кім екенін, саятшылықтың сан мың құпиясына әлі де бойлай алмай жүрміз бе?!
Әзірлеген А.Нұрболұлы