ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕУ ПАРЫЗ
Күзде әскерге шақыру кезеңі басталады. Қазақстанда мерзімді әскери қызмет міндетін өтеу мерзімі – 1 жыл. Әскерге шақыру науқаны желтоқсанның аяғында аяқталады. Сонымен қазіргі жастар әскерге әзір ме?
Биылғы көктемде Сыр елінен 750 жасты Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына жіберу жоспарланған.
– Қаңтар-наурыз айларында шақыру контингенті тиянақты зерделенді. Шақырылушылармен, олардың ата-аналарымен жеке-жеке әңгімелер жүргізілді. Бұл шараның жастарды әскери бөлімдер бойынша іріктеу мен бөлу кезінде маңызы зор. Шақырылушылардың алған мамандықтары, денсаулық жағдайы, дене және моральдық-психологиялық дайындығы ескеріледі, – дейді Қызылорда облысының ҚІЖД бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы подполковник Дмитрий Жерегя.
– Осы уақытта аудандық және облыстық медициналық тексерулерден жақсы өттім. Психологиялық тест жауаптары да жақсы нәтижеде. Балалық шағымда әскери адам болу арманым болатын. Мерзімді әскери қызметімді аяқтаған соң әскери бөлімде келісімшарт бойынша қызмет етемін деген ойым бар. Бауырларымды, достарымды, інілерімді Отан алдындағы әскери борышын өтеуге шақырамын, – дейді әскер қатарына шақырылушы Алтынбек Төлебай.
Қызылорда облысында соңғы жылдары мерзімді әскери қызмет өткеруге ниет білдірушілер саны көбейген. Әскерден соң жоғары білімі бар, қандайда бір мамандықты игерген азаматтар келісімшарт бойынша әскери қызметке орналаса алады.
Әскерге қабылдау қатаң талап бойынша жүргізіледі. Алдымен ауданнан, одан өткендер қалалық бөлімшеден медициналық тексеріс пен әртүрлі психологиялық тесттен өтуі тиіс. Әрі қарай әскери бөлімнен арнайы өкілдер келіп, баламен, ата-анасымен әңгімелесіп, іс-қағаздарын тексеріп, өздері іріктеп алатын көрінеді. Көп жағдайда денсаулығы жарамды болғанымен, психологиялық тестерден өте алмай қалатындардың қатары көп екенін білдік. 300-ге тарта сұрағы бар психологиялық тестің сауалдары біз үшін құпия болып қалды. Шамалауымызша, «Бала кезіңізде ұрлық жасадыңыз ба немесе ұрлыққа барғанда неше жаста едіңіз?», «Жаяу жүргіншілер жолынан өтесіз бе әлде жолды кесіп өте саласыз ба?» деген мазмұндағы сұрақ бір емес, бірнеше мәрте келуі мүмкін. Осылайша бір жауаптың екіншісімен сәйкес келуін, жасөспірімнің өтірік немесе шын айтып тұрғанын тексеруге болады-мыс. Бұдан өзге, мәселен, жоғары қабаттан төмен қарағанда секіргіңіз келе ме деген тәрізді сұрақтар да кездесетін көрінеді.
Иә, «бес саусақ бірдей емес». Дегенмен, ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға екендігін, отбасындағы тәрбие тәрбиенің бастауы екендігін ұмытпайық. Қазақ жігіті шаңырақтың иесі, ата-ананың отын тұтатушы, ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы. Ол елді қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде тәрбиеленгенде ғана қазақ елінің болашағы жарқын болмақ.

«Өскен өңір» ақпарат агенттігі