Тәтті әрі сәтті бизнес
Бүгінгі таңда елімізде жеке кәсіпкерлікке ден қойғандардың қарасы көбейіп келеді. Әсіресе ауылдық жерде тұратын азаматтар наубайхана, шаштараз, тәтті тағамдар пісіретін цех, тігін шеберханасын ашып, кәсіптерін табыс көзіне айналдырып отыр. Солардың бірі – кент тұрғыны Нұргүл Олжабаева. «Сапалы өнім – өркендеу кепілі» деген ұстаныммен жартылай дайын өнім және тәтті тоқаштар дайындайтын келіншек бүгінде жергілікті тұрғындарды өз өнімімен қамтамасыз етуде.
Қазіргі таңда нәзік жандардың үйде отырып-ақ түрлі кондитерлік тағамдар мен тәтті тоқаштар пісіріп, әлеуметтік желі арқылы саудалауы кең үрдіс алып келеді. Сұраныс бар жерде, ұсыныс та болары анық. Міне, осыны зерделей білген Нұргүл Instagram әлеуметтік желісінде өзінің @aminka_dayin_zhayma жеке парақшасын ашып, сол арқылы кондитерлік өнімдері мен дайын жайма қамырларының саудасын жүргізуде. Өз ісіңді бастау мен оны ұтымды ұйымдастыра білу оңай шаруа емес, әрине. Үйдің күйбең тіршілігінен шаршамастан жанына жақын істі кәсіпкерлікпен үйлестіре білген келіншектің жеке парақшасына жазылушылардың қатары күн сайын көбейіп келеді. Әсілі, жетістік пен табысқа жеткізетін жол – еңбексүйгіштік пен табандылық, ізденімпаздық болса керек.
Қазіргі таңда нәзік жандардың үйде отырып-ақ түрлі кондитерлік тағамдар мен тәтті тоқаштар пісіріп, әлеуметтік желі арқылы саудалауы кең үрдіс алып келеді. Сұраныс бар жерде, ұсыныс та болары анық. Міне, осыны зерделей білген Нұргүл Instagram әлеуметтік желісінде өзінің @aminka_dayin_zhayma жеке парақшасын ашып, сол арқылы кондитерлік өнімдері мен дайын жайма қамырларының саудасын жүргізуде. Өз ісіңді бастау мен оны ұтымды ұйымдастыра білу оңай шаруа емес, әрине. Үйдің күйбең тіршілігінен шаршамастан жанына жақын істі кәсіпкерлікпен үйлестіре білген келіншектің жеке парақшасына жазылушылардың қатары күн сайын көбейіп келеді. Әсілі, жетістік пен табысқа жеткізетін жол – еңбексүйгіштік пен табандылық, ізденімпаздық болса керек.
Кейіпкеріміз Нұргүл Сардарқызының Астанадан Шиеліге келін болып түскеніне 5 жыл уақыт болыпты. Жаңа отбасының есігін ашып, келіндік қызметін қиындықсыз атқаруына анасының берген тәлім-тәрбиесі көп көмегін тигізген көрінеді. Себебі бір үйдің жалғыз қызы болса да, анасы оны ерке-шолжаң қыз етіп өсірмеген. Керісінше ес білген сәтінен үй жұмыстарына баулып, тәтті тамақ әзірлеу, тоқаш пісіріп, қамыр жаюды үйретеді. Содан болар жас келіннің ас мәзіріне қызыққан туыстары түрлі тәттілер мен тоқаштар пісіріп беруін сұрай бастайды. Осылайша алғашқы кәсібінің баспалдағы басталады.
– Негізгі мамандығым ағылшын пәнінің мұғалімі. Алайда жолдасыммен шаңырақ көтергеннен соң, сәби сүйіп, бала тәрбиесімен үйде отырдым.
Жолдасым мен екінші анам қарым-қабілетімді аңғарып, үйден шағын кәсібімді дөңгелетуге рұқсатын берді. Осылайша, тұшпара, манты, бешбармақ тағамдарына қолданыла беретін әмбебап қамырды илеп, жайып, қатырып, ұзақ мерзімде сақталатындай сапада әзірлеп, «Аминка дайын жаймасы» деген атаумен өз өнімімді инстаграм желісінде жарнамалай бастадым. Алғашқы тұтынушыларым әрине туыстарымыз болды. Одан соң кент ішінде ғана емес ауыл-ауылдардан да сұрап келетін болды. Дайын жаймалар мен бірге тапсырыс түссе түрлі микс торттар да әзірлеймін, – дейді Нұргүл.
Қазақта «талпынған жетер мұратқа» деген әдемі сөз бар. Қандайда бір істі қолға алмас бұрын оның қажеттілігін, өтімділігін зерттеп зерделеген жөн. Сонда шағын кәсіптің өзінен мол табыс табуға болады. Оны бүгінгі кейіпкеріміздің сөз ауанынан аңғарғандай болдық. Себебі бұл күндері дайын өнімдердің өтімділігі жоғары. Статистикаға көз жүгіртсек жұмысбасты әйел аналардың саны да күн санап артып келеді. Яғни жұмыстан шыққан әйел адам көбіне жылдам әзірленетін не болмаса жартылай дайын өнімдерді сатып алғанды жөн көреді. Міне, осыны ой елегінен өткізген Нұргүл көп ойланбастан үйде отырып-ақ өз кәсібін өрге домалатуда.
– Бүгінгі нарық кез келген кәсіпорыннан заман ағымына сай өнім өндіруді талап етеді. Менде шағын кәсібімді жүргізгенде сапаның сақталуына әрдайым мән беремін. Қазіргі уақытқа дайын жайма қамырларым сұрнысқа ие болып тұр. Мен оларға табиғи таза өнімдерді қосып, барлығын өз қолыммен әзірлеймін. Жақында жартылай дайын қаттама нанды да мәзірге қостым. Шынымен, тұтынушы үшін ең бастысы – нанның дәмдік қасиеттері мен жоғары сапасы. Бір рет тапсырыс берген адам бұл жерге міндетті түрде екінші рет оралуы тиіс, – дейді жас келіншек.
Аудан тұрғындарына сапалы өнім ұсынып, еңбекқорлығының арқасында көпке үлгі болып отырған бұл жанның жұмысына тұтынушылар да разы. Себебі, тұтынушылар тарапынан нан өнімдеріне деген сұраныс қашанда жоғары болады. Мұнда таңертең пісірілген өнім түске дейін сатылып кетеді екен. Осылайша, өнімі аз уақыттың ішінде жоғары бағаланып, күн санап сұраныс көлемі де арта түсуде. Қазір кәсіпкер күнделікті әзірленген өнімдерін қайда өткіземін деп бас қатырмайды. Өзінің тұрақты сатып алушылары бар. Себебі кәсіпкер бір өнім шығармас бұрын оның сапасына мән беру – кәсіпкерліктің мызғымас шарты екенін біледі.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық даналығы тегін айтылмаған. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен кәсібін дөңгелетіп отырған ана Нұргүл Сардарқызының ісі көпке үлгі.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ