Қайырымсыз тағдыр
Қаратаудың баурайына орналасқан қараша үйлер алыстан қарағанда бір-біріне жақын көрінгенімен келе-келе алшақтығы едәуір жер. Жолдың жиегіне жақын тұрған ескілеу үйдің ішіндегі күрсінгенде жер дірілдеген, кейде аңырап, кейде булыға жылаған зарлы дауысты біреу естісе біреу естімеген болар. Қайғыдан қара жамылған екі жанның күйініші неткен ауыр.
Қойлыбай жасынан жетім қалып жамағайынның үйінде, одан қалды кім жылы сөйлесе соның маңайында жүріп жалтақ болып өсті. Үнемі бұйығы жүретін. Жас баланың айтқанын екі етпей орындайтын. Несібелінің де жағдайы, балалық шағы мәз болған жоқ. Үш жасында анасынан айырылып, әкесінің тәрбиесінде болды, он бес жасқа келгенде әкесі сұрапыл соғысқа аттанды. Көп күтті келмеді. Әлі тұлымшағы желбіреп жүрген қызды ағайындары ұшарын жел, қонарын сай біліп әркімнің есігінің алдында жан бағып жүрген Қойлыбайға қосады. Маңдайға жазғанын көресің дегендей үй жоқ, күй жоқ екеуі Ташкеннен көшіп келген бақуатты тұратын Төлеп деген кісінің қол астына келіп бірі малына, бірі үй шаруасына қарап күн кешеді. Төлеп бір мейірім шапағаты мол кісі еді. Екеуіне шағын ғана екі бөлме соғып, соған кіргізіп қояды. Сол үйде жылма-жыл көтеріп Несібелі бес баланы дүниеге келтіреді. Бірақ Алланың жазуымен балаларды біріне-бірін қоса алмай жасына жетпей шетіней береді. Біреулер «қоныс аударып көріңдер» деген соң осы ауылдың шетінде бір иесіз қалған үйді жөндеп сонда паналайды. Ол жерде бұларға жақсы ишарат көрсетпеді, тағыда бесеуін жыл сайын жер қойнына беріп отырды. Он баланы қара жердің қойнауына беріп енді ұрпақсыз кетеміз бе деп күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей біріне-бірі сүйенген Қойлыбай мен Несібелінің көз жастары көпке дейін құрғамады.

Көктемнің шуақты күнінің бірінде қой жайып жүріп шамалы тыныстамақшы болған Қойлыбайдың көзі ілініп кеткен. Түс көріпті Ұзын аққан дарияның бойымен келе жатыр екен. Біраз жер жүрген соң бір үлкен дарақ көрінеді. Жақындап барса дарақтың бұтағында шүмегі бар бір самаурын ілініп тұр екен. Жалма жан самаурынды алып құшақтай бергенінде оянып кетеді. Бір үміттің оты жылт еткендей болды. «Алла бере гөр, Алла бере гөр» деп үш рет дауыстап қолын жая жерге құлап еңіреп жылаған дауысты қой жайып жүрген көрші қойшы естіп, жетіп келіп орынан тұрғызып, не болғанын сұрапты. Сонда Қойлыбай көрген түсін айтқанда әлгі кісі «Құдай қаласа ұлды боласың» деп жорыған екен. Періштенің құлағына шалынып көп ұзамай Несібелі көтеріп ұл босанады. Ай жарылқап күн туды. Атын Сәттібек қойды. Тәңірден күндіз түні тілеген Сәттібек көзге көрініп тәтті қылықтарымен ата-анасына бар дүниені ұмыттырды.
Уақыт зырғып өте берді. Ұлының өсіп үлкен адам болуын асыға күтті. Ер жетсе немере шөбере сүйсем деген арман сағымға айналып Алладан келген бұйрық мұрсат бермей Қойлыбай үш ауырды да көз жұмды. Тағы да жетім бала, жесір ана күйін кешуге тура келді. Ана мен бала бір тамақ үшін тер төкпеген есік қалмады. Сәттібек бала болып ойнамады. Мектепке де кеш барды, басқа балалардай жақсы киім кимеді, жарқылдап жүрмеді. Жасынан табиғаты солай болды ма, әлде жоқшылық әсер етті ме Сәттібек анасынан бір ретте артық нәрсе сұрап қинамады. Анасының жүзін үнемі бағып жүруші еді. Сөйтіп жүріп мектепті де бітірді. Қатарларының бәрі оқуға кетіп жатты. Мал дегеннен бір ғана сиыр болатын. Анасы Сәттібекке «жаным сенде қатарыңнан қалма, мына сиырды сатайық, оқы» деді. Ол кезде анасы сүзіліп ауырып жүруші еді. Анасының жайынан хабардар болып жүрген ол оқудан бас тартты. «Жоқ апа келесі жылы барамын, жұмыс істеймін» деді де шығып кетті. Әке жолын қуған ол тағы да қолына таяқ алып, қой бағуға бел байлады.
Анасының ауруы күн сайын меңдеп бара жатты. Ол кезде дәрігер деген өте аз, аурухана ауылдан алыс, көлік жоқ. Сонда да бір ағайынның көлігін сұрап алып орталыққа дәрігерге алып барды. Дәрігер әрі-бері көріп дерт тереңдеп кеткенін сезді ме, екі-үш дәрі жазып берді де қайтарды. Содан көп ұзамады. Анасы да мұны жалғыз тастап кете барды. Ол кезде Сәттібек он сегіз жаста еді. Енді не істерін білмей ойы сансаққа кетіп жүрген Сәттібекті әскер қатарына шақырды. Ойланбастан кете барды. Екі жылда өтті. Қайда барсын туған жерге қайта келді. Ағайындары қарсы алып үйлендірудің қамына кірісті. Мектепте өзінен үш сынып төмен оқитын Самал деген қызды көргенде жүрегі атша тулады. Не керек есебін тауып тілдесіп, бір түнде алып қашып, көрші ауылда тұратын нағашы ағасының үйіне алып барды. Жақсы-ақ өмір сүріп жатты. Бірақ күткен перзент болмады. Он бес жыл уақыт өтті. Бірін-бірі қимаған бұлар енді бала алуға бел буды. Бір қыз алды. Бірақ оның да өмірі қысқа болды. Үш айдан кейін шетінеп кетті. Тағы бір қыз алды. Ол да ұзамай шетінеп кетті. Сәттібек қатты ойланды. Не болды менің маңдайыма қандай тірлік жазылды деп қамықты. Бірақ алдағы өмірден күдер үзбеген бұлар бір ұл алып атын Тоқтар деп қойды. Ол екі жасқа келгенде Тоқтарға серікболсын деп тағы бір қыз алып, атын Ғалия қойды.
«Бір аштықтың бір тоқтауы болады» дегендей екеуі егіз қозыдай болып өсті. Ержетті. Тоқтар жоғары білім алды. Дегенмен айналайын өтіп кетті ме, бірте-бірте темекі мен ішімдікке ауыз сала бастады. Бастапқыда мән бермеген бұлар қайда барар дейсің деп елемеді. Үдеді. Бой бермеуге айналды. Келе-келе көшедегі бейбастақтықты үйге көрсете бастады. Шамалары келмеуге айналды. Үміт еткен баласынан көрмегендері қалмады. Шарасыз. Сөйтіп жүріп жүрегі ұстап бір түнде Сәттібек о дүниенің есігін ашып кете барды. Арман, үміт қара топыраққа көмілді. Әбден жүгенсіздік белең алған бала онша қайғырмады. Әке кеткен соң анасымен қарындасы Ғалияға тиісуді шығарды. Үйден береке кетті. Күнде айғай-шу, жылау. Күтпеген сұмдық алда еді. Ішкілікке тойып алып көршісінің қызын зорлаған ол енді барар жол таппады. Екі күн жоғалып анасы мен қарындасының іздемеген жері жоқ, таба алмай дал болды. Таңғы тәтті ұйқыны Ғалияның жан айқайы шайдай ашты. Баласының мал қораның түкпірінде асылып тұрғанын көрген ана есінен танды. Амал нешік өлгеннің артынан кім өлген. Енді Ғалияның тілегін тілеуден басқа шара жоқ. Ғалия мектепте жақсы оқыды. Медучелищені бітірді. Жұмысқа орналасты. Анасын күтіп бақты. Сөйтіп жүріп теңін тауып, отау құрды. Тағы да анасы жалғыз қалды. Ғалия анасына қанша рет бірге тұрайық деп өтінсе де қара шаңырақтың есігін жаппаймын деп келіспеді. Бірін-бірі демеу еткен төркін ағайын дегеннен ешкім жоқ, екі мұңлы жан іштері жылап сыртынан күліп жүргендері де көпке ұзамады.
Жұмыста отырған Ғалияның бір жамандықты сезгендей жүрегі тулай бастады. Аз уақыт өтпей-ақ көршісі түсі келмей «Ғалия апаң ауырып қалыпты, сені келсін» деп жатыр дегені сол екен, шалқасынан құлап түскен бойы көз жұмып қайта оянбады. Анасы да ол кезде жарық дүниемен қоштасып кеткен болатын.
Аспанды торлаған қара бұлт қайырымсыз тағдыр, жылы шырай танытпаған бір әулеттің бір ұрпаған сақтай алмады. Сол бір тұңғиыққа батқан ауылдың ортасындағы әлі күнге дейін есігіндегі қара құлпы ашылмаған үйдің жанынан өткенде күрсінбейтін жан аз шығар.
Айжамал Әбдіхамитқызы,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі