БЕЙНЕТҚОР
Дене бітімі жас жігіттердей ширақ Шерімбет шамамен елуді еңсергендей көрінетін. Нағыметулланы ауылдастары Нағымет деп атап кеткен. Күн қақтаған жүзінен нағыз еңбек адамының, қатқан қайыстай егіс даласының қаһарман азаматының, тынымсыз еңбекқор, бейнетқор кісінің келбетін көреміз.
Жұртпен «Қалайсыз?» деп күле амандасқаны, оның жанының да жайсаңдығын сездіргендей еді. Ол барынша қарапайым, жасынан басшылық қызметтердің тұтқасын ұстаса да кісімсінуді, менменсінуді, пәлденуді, тәкаппарлық жасауды, көлгірсуді, мүләйімсуді білмейді. Нағыметтің ақсақалдығы да, үлкендігі де, қариялығы да шыншылдығымен, турашылдығымен, бір сөзділігімен, адалдығымен танылған. Ауылдық жерде үлкендік жасау деген кемінде соңына екі-үш адамды ерте алатын ақыл-парасатыңның болуы шығар?! Баяғы ата-бабаларымыз ел-жұртын шешен сөзімен, айтар ақылымен ұстап отырғанын қалай ұмытамыз? Мен Нағыметтулла Сәрсенбайұлын сол бабаларымыздың Алғабас ауылына тастап кеткен тұяғындай елестетемін. Мұндай ардагер-қариялар әр ауылға, әр көшеге, әр отбасыға керек-ақ. Дәл осы кезде, Ұлттық идеологиямыз құрдымға кетіп, жастарымыз жалтақтап қалған мына заманда...
Жұртпен «Қалайсыз?» деп күле амандасқаны, оның жанының да жайсаңдығын сездіргендей еді. Ол барынша қарапайым, жасынан басшылық қызметтердің тұтқасын ұстаса да кісімсінуді, менменсінуді, пәлденуді, тәкаппарлық жасауды, көлгірсуді, мүләйімсуді білмейді. Нағыметтің ақсақалдығы да, үлкендігі де, қариялығы да шыншылдығымен, турашылдығымен, бір сөзділігімен, адалдығымен танылған. Ауылдық жерде үлкендік жасау деген кемінде соңына екі-үш адамды ерте алатын ақыл-парасатыңның болуы шығар?! Баяғы ата-бабаларымыз ел-жұртын шешен сөзімен, айтар ақылымен ұстап отырғанын қалай ұмытамыз? Мен Нағыметтулла Сәрсенбайұлын сол бабаларымыздың Алғабас ауылына тастап кеткен тұяғындай елестетемін. Мұндай ардагер-қариялар әр ауылға, әр көшеге, әр отбасыға керек-ақ. Дәл осы кезде, Ұлттық идеологиямыз құрдымға кетіп, жастарымыз жалтақтап қалған мына заманда...
Нағымет Жанжігіт – 1949 жылы 6 ақпанда В.Ленин атындағы колхозда, қазіргі Алғабас ауылында дүниеге келген. 1966 жылы №45 қазақ орта мектебінің 11-ші сыныбын бітіріп, сол жылы Алматыдағы В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының құрылыс факультетіне оқуға түсіп, құрылыс-инженері мамандығын алады. Бір жыл Алматыдағы КазВИРГ институтында «Бүкілодақтық геофизика зерттеу институты» және 2 жыл Алматы «Казгеофизприбор» зауытында жұмысшы, шебердің көмекшісі қызметтерін атқарған. Нағымет Сәрсенбайұлы 1972-1974 жылдар аралығында Германиядағы Кеңес әскерінің құрамында (ГСВГ) аға лейтенант шенінде қызмет етеді. Әскерден оралған Н.Жанжігіт 1974-1976 жылдары «Волковгеология» №23 партия бұрғылаушысының көмекшісі, №7 жол құрылысы тресінің Шиелідегі «ХРСУ» мекемесінде прораб болады.
«Тау баласы тауға қарап өседі» демекші, Н.Сәрсенбайұлы өз туған жерінің ауыл шаруашылығына бірыңғай бет бұрады. Білімді, іскер, жоғары мамандық иесін В.Ленин атындағы колхоздың басшылығы қызметке шақырып, колхозда инженер-гидротехник, аға инженер-гидротехник қызметтерін 1976-1982 жылдар арасында абыройлы атқарады. Колхоздың күріштен, басқа да дақылдардан мол өнім алуына зор үлес қосады. Еңбек қабілетін таныған колхоз басқармасы оны өндіріс бригадирі етіп сайлайды. Ауылда жаңадан екі қабатты мектеп құрылысының басталуына орай ол 1987-1990 жылдары осы құрылыстың прорабына бекітіледі. Мектеп құрылысын аяқтаған ауыл азаматы қайтадан колхоздың бас инженер-гидротехник қызметін 8 жыл жалғастырып, одан соң ауылда құрылған «Еңбек» шаруа қожалығының бас агроном-гидротехнигі әрі төраға орынбасары атанады. 2001-2003 жылдары «Шиелі Жер-су» мемлекеттік мекемесінде учаске бастығы, келесі екі жыл «Жаңа Бестам» өндірістік кооперативінің бас агроном, бас инженер-гидротехник, бас экономист (үш бірдей қызметті) қызметтерін атқарады.
2006 жылы «Жаңа Бестам» ЖШС-нің атқарушы директоры болған Н.Жанжігіт 2006-2007 жылдары «Шиелі-Агро» ЖШС директорының орынбасары, 2007-2008 жылдары «Дихан» күріш компаниясының Шиелі ауданы бойынша бас менеджері, 2009-2011 жылдары аралығында «Ынтымақ Г-Т» ЖСШ-нің атқарушы директоры әрі «Дихан» күріш компаниясының атқарушы директоры, Шиелі аудандық штаб бастығы қызметтерін жауапкершілікпен абыройлы атқара біледі. 2012 жылы құрметті зейнеткерлікке шыққанына қарамастан ООО ХЦНТУ Энергия-2 ЖШС Шиелі-Жаңақорған аудандары бойынша логистигі, 2013 жылы Шымкентте трест «Алтынкенқазған» ЖШС-нің атқарушы директоры, 2013-2015 жылдары Шиелі ауданы әкімдігі «Жер-су» инспекторы, 2015 жылдан «АгроХимСервис» ЖШС Шиелі-Жаңақорған аудандары бойынша логостигі, ал 2021 жылдан осы кезге дейін «Ел ырысы» шаруа қожалығына төрағалық жасап келеді.
Жетпістің желкенін есіп, сексеннің сеңгіріне ұмтылған ардагер жасында да күш-қайратын еңбекке арнап, жігері жасымаған Нағымет Жанжігіттің тірлігіне бір жағы қайран қалсақ, ар жағы алаңсыз ырзашылық танытып отырмыз. Нағымет Сәрсенбайұлы 1967-1974 жылдар арасында Алматы қаласында және ГСВГ-да сайлау учаскелерінің мүшесі, 1976-1982 жылдары №249 Алғабас сайлау учаскесі төрағасының орынбасары, 1982-12021 жылдары №295 Алғабас сайлау учаскесінің төрағасы болып қоғамдық жұмыстар да атқарып отырған. Ол Жуантөбе ауылдық округінің қоғамдық өміріне белсене араласады. Бүгінде шаруа қожалығының төрағасы, ауылдық қоғамдық кеңесінің (қауымдастығының) төрағалық қызметтерін де қатар жүргізіп, табандылық, қайсарлық танытуда.
Колхозда мал шаруашылығымен айналысқан шаруа Сәрсенбай әкесі мен үй шаруасындағы анасы Дәметкеннен тараған екі қыз бен бір ұл – осы Нағымет еді. Алла назарын салған жалғыз ұл қаншама қызметтер атқарып, Жанжігіт әулетінің, Алғабас ауылы халқының мақтанышына айналды. Ерен еңбектің үлгісін танытты. Білімді мыңды жығатынын көрсетті. Сүйікті жары Зәрипа екеуі Құдай берген 2 ұл мен 2 қызын тәрбиелеп, жоғары білім беріп, олардан 3 немере сүйіп, ардақты ата, мейірімді әже атанып, отбасының берекесін келтіріп отырған жайлары бар. Зәрипа қажы зейнетке шыққанша ауыл мектебінде физика пәнінің мұғалімі болса, қос қызы ана жолын жалғап ұстаздық етеді.
Өркен ИСМАИЛ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі