2022 жылдың І жартыжылдығында өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг туралы.
Қазақстан Републикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бойынша өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру мақсатында барлығы 116 өнім үлгілері сатып алынды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген өнімдер – 63 (54,3%), өзге елдерде өндірілген өнімдер – 21 (18,1%), отандық өнімдер – 32 (27,6%). Өнім түрлерімен жіктейтін болсақ: тағам өнімдері – 90 (77,6%), тағам емес өнімдер – 26 (22,4%).
Өнім қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде алынған өнімдердің басым үлесі тағам өнімдері: ет және ет өнімдері–5; құс еті және оның өнімдері–4; балық және балық өнімдері–5; май және май өнімдері–6; сүт және сүт өнімдері–13; кондитерлік өнімдер–10; кулинариялық өнімдер–2; нан және нан-тоқаш өнімдері–1; ұн және макарон өнімдері–6; көкөніс және жеміс өнімдері-4; ыдыстарға құйылған ауыз су-1; минералды, емдік-асханалық сулар-3; шырын өнімдері-2; алкоголь өнімі-1; алкогольсіз сусындар-8; арнайыландырылған тағам өнімдері (балаларға арналған тағам өнімдері)–3; басқа да тағам өнімдері-16.
Тағам емес өнімдерді түрлерімен жіктейтін болсақ: балалар ойыншықтары-2; парфюмерлік-косметикалық бұйымдар–16; синтетикалық жуғыш заттар және тұрмыстық химия тауарлары–7; темекі өнімдері–1.
Жүргізілген зертханалық сараптамалар нәтижесінде 14 үлгі техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді (таңбалануы бойынша–13, физико-химиялық көрсеткіші бойынша–1; микробиологиялық көрсеткіштер бойынша-2), анықталған сәйкессіздіктер бойынша 5 нысанға Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдары берілді. Сауда орындарынан техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер дүкен сөрелерінен сатылымнан алынды.
Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер тізілімі http://reestr-np.kz/kaz/ сайтында жарияланатындығын және сәйкессіздік анықталған өнімдер туралы қажетті мәлімет алуға болатындығын назарыңызға жеткіземіз.
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің жетекші маманы
Уразова Нурсулу Алпысбаевна
Уразова Нурсулу Алпысбаевна