«Ziyatker School» – заманауи білім ошағы

Иә, жасыратыны жоқ әр жыл сайын мектеп жетіспеушілігі, мектептегі бала санының артуы, тозығы жеткен білім ордасында оқушылардың білім алып жатқаны жайлы келелі мәселе қозғалатыны анық. Осындай үлкен мәселені шешу үшін мемлекеттен арнайы бағдарлама құрылып, кезең-кезеңімен білім ұясының санын арттыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Тәуелсіздік – біздің рухани құндылығымыз, халқымыздың бағы мен бақыты. Болашағына сенім артатын кез келген мемлекет өз ұрпағының сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына айрықша назар аударады. Сондықтан тәуелсіз ел атанған күннен бастап осы салада әлемдік білім кеңістігіне ену үшін бірқатар реформалар жүзеге асты.
Ұлт ұрпағын жұрт кісісі дәрежесіне көтеретін ол – ата-ана, ұстаз, билік. Осы үш тірек намыс найзасын мұқалтпай, жігерін жанып, үміт отын үрлесе, жалғандыққа бармаса, сапалы білімді санасына күңгірттендірмей сіңірсе, таңғы шықтай мөлдір, күн сәулесіндей тұнық тәрбие берсе, жаратылысында кемдік болмаса, бала теріс кетпейді. Осы тұрғыда жоғарыда айтқан мақсат-жоспарларды өздеріне міндет етіп қойған білім ұяларының бірі – «Ziyatker School» мектебі. Бұл жаңа заманауи үлгідегі жеке мектептің білім нәрімен сусындату техникалары да өзгерек. Атап айтар болсақ, мектепте Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде сабақ өтіледі. Сонымен қатар тереңдетілген үш тілде жоғары білікті ұстаздар жұмыс істейді. 1 сыныптан бастап ағылшын, математика, ақпараттық коммуникациялық технология пәндері тереңдетіліп оқытылады. Сәйкесінше, үй тапсырмасын мектепте орындап, мұғалім балаға бағыт-бағдар береді. 3 мезгіл СанПин талабына сай дайындалған ыстық тағаммен қатар тасымалдау қызметі, оқушылардың демалыс бөлмелері бар. Кітап қоры жеткілікті. Қала берді мектеп сыныптары жоғары сапалы заманауи интерактивті жүйе және компьютерлермен жабдықталып, мектеп аумағы түгелдей дерлік бейнебақылаумен қамтылған. Қоса кеткен жөн, «Ziyatker School-да» English Club, робототехника, шахмат, логикалық математика, би үйірмесі, домбыра мен тхэквондо сынды үйірмелер де бар.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап білім саласында қабылданған реформалар жемісті әрі жеңісті болды. Ал бұл тек отыз жылдың ғана жетістігі. Білім берудің жаңа деңгейге көтерілуі, жылдар бойы жеткен жетістіктеріміз ұстаздардың нәтижелі еңбегінің арқасында жүзеге асты. Бірақ бұл бастамасы. Алда әлі талай асу, биік белестер бар.
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ