Биыл еліміз бойынша 920 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды

Сондай-ақ, ол сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дарынды балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Жақында Президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де біржолғы сыйақы беріледі. Одан бөлек, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық ЖОО-ға түсу үшін автоматты түрде гранттар беріледі. «Білім және ғылым министрлігі елімізде балаларға жағдай жасау және олимпиадалық қозғалысты дамыту жұмыстарын жалғастыра береді. Құрметті оқушылар! Қызықты кездесу, жағымды эмоция және оқудағы жетістіктеріңіз үшін рахмет! Мұнымен тоқтап қалмай, тек алға ұмтыла беріңіздер!»-дейді Асхат Аймағамбетов.
https://syrboyi.kz