ШОШҚА ДЕП АЙТПАЙТЫН БОЛДЫМ
2006 жыл. Сәуірдің соңғы күндері болатын. Редакцияның тапсырмасымен Қармақшы ауда¬нының Ақжар, Тұрмағамбет ауылдарына барып, Көшеней жыраудың көзін көрген, жырын тыңдаған ауылдастарының әңгімесін жинағаным бар.
Сол сапарда Ақжардан кейін Тұрмағамбет ауылына бардым. Шежірешіл қарт Запа Дәулетбаев ақсақалдан, оның жақын інісі Қаппар деген кісіден Көшеней Рүстембеков, жырау Қуандық Бүрлібаев туралы қызықты әңгі¬мелер тыңдадым. Сапарда жинаған дүниелерді басылым бетінде жариялап, жыраулық өнердің құты дарыған дара дарын туралы мақалалар сериясын ұсындық. Арнайылап іздеп шыққан жұмысыма тікелей қатысы болмаса да жүз жырау шыққан ауылда тұратын Майтан атты әжейдің мына бір әңгімесін жолжазба блокнотқа түсіріппін.
Майтан Маханбетова бүкіл саналы ғұмырын өскелең ұр¬пақтың тәрбиесіне арнаған жан. Ол ауылдағы іргетасы өткен ғасырдың 1925 жылдары қаланған №29 мектепте 40 жылға жуық ұстаздық еткен. (Кезінде мұнда майдангер-ақын Ә.Егізбаев балаларға сабақ берген. Осы сауат ашу мектебінде атақты шайыр Т.Ізтілеуовтің өзі мұғалім болыпты деген ауызша дерек бар). Сол кезде сексен жастан асқан Майтан әжейден есте қалған қы¬зықты бір оқиғаны айтып беруін өтіндім.
«Жастау кезіміз. Жұмыстан келген соң кешкілік сиыр сауып отырғанмын. Қарасан келгірдің малы тентектеу еді, теуіп жібергені.
Ашуланып: «Мал емес, шошқа екенсің!» - деппін. Мұны жақын жерде жүрген отаға¬сы есітіп қойыпты. Шалым Пірімжар жасынан мұсылманшылық жолын берік ұстаған молда адам еді. Кеңестік дәуірдің өзінде жұрттан жасырып, күндіз терезені қараңғылап қойып намаз оқитын. Дереу «тәйт!» деп тыйып тастады. Қарасам жүзі қатулы екен. Ұрысар деп ойлағанымша болған жоқ, маған қа¬рата:
- Си¬ырдың бас жібін шешіп алып, сыртқа алып шық! - деп бұй-ырды. Жазған құлда шаршау бар ма, айтқанын екі етпей орындадым. Сиырды жетекке алған мен алда, ол соңымызда, көшені жағалап, жеті үйді аралап шық¬тық. Сол жеті үйдегі ауылдастардан отаға¬сының бұйрығымен: «Мынау шошқа ма, әлде сиыр ма?» деп сұрап шықтым. Бұл іске таң-тамаша қалған көршілеріміз:
- Әрине, сиыр, сиыр ғой бұл, - деп жауап қатып жатты. Мұны қызық көрген ауыл¬дың бар баласы соңымызға еріп жүр. Сөйтіп көршілерден куәлік алып болған соң үйге оралдық. Сиырды үйреншікті орнына бай¬лап, сауып алдым. Осы оқиғадан соң өмірімде «шошқа» деген сөзді аузыма алған емеспін. Молда шалымның бұл тыйымы бүкіл ғұмырыма сабақ болды. Пірімжар молда әулие адам еді ғой, жарықтық», - деп аяқтады әжей әңгімесін.
Біз осы күні дүкендер мен сауда үйлерінен «Халал ет», «Халал шұжық» деп адал асты іздеп жүріп аламыз. Халал стандартын Оңтүстік Шығыс Азиядағы Малайзия мемлекеті тағамға ғана емес, білімге де, денсаулық саласына да, басқаға да баяғыда енгізіп қойыпты. Соның нәтижесінде бір кездері жолбарыс жортқан ну орманда тұратын малай халқы қазір әлемнің мықты дамып келе жатқан елдерінің бірінен саналады. Сол Ма¬лай¬зияның үлгісін енгіземіз деп жүрсек, мұсылманшылықтың жолын берік ұстанған кейбір аталарымыз оны бұрыннан өмірлік салтқа айналдырған екен деген ойға келдім.
Д.ЕЛУБАЕВ
kyzylorda-news.kz