Вирусолог: «Омикрон» жаппай таралғаннан кейін пандемия аяқталуы мүмкін
Коронавирустың омикрон-штамы таралып болғаннан кейін COVID-19 әлсіреп, аурудың салдары соншалықты ауыр болмауы мүмкін.
Мұндай пікірді ресейлік вирусолог, Гамалея орталығының профессоры Анатолий Альтшейн Sputnik радиосына берген сұхбатында білдірді.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы атап өткендей, жаңа штамм жаһандық ауқымда тез тарайды, дегенмен, Альтшейннің пікірінше, «омикрон» Жаңа жылға дейін індеттің жаңа толқынын тудырады деп болжауға әлі ерте.
Бұған дейін қазақстандық иммунолог Рафаил Розенсон коронавирустың жаңа штамы бұрынғы штамдарға қарағанда едәуір жұқпалы екенін және вакциналау ковидтен қорғанудың жалғыз амалы болып қала беретінін айтқан еді.
https://kyzylorda-news.

«Жаңа жылға дейін ол таралып үлгермейді. Мысалы, «Дельта» штамы 2020 жылдың күзінде пайда болып, шамамен 2021 жылдың мамыр-шілде айларында тарады, яғни вирустың таралуы үшін алты ай қажет болды», – деді вирусолог.Альтшейннің айтуынша, «омикронның» қаншалықты жұқпалы екендігі белгілі бір уақыттан кейін ғана бағаланады, бірақ оның геномы туралы ақпарат вирустың бұл түрінен пайда болатын ауру басқа штамдарға қарағанда жеңіл өтетінін болжауға мүмкіндік береді.
«Вирустың бұл түрінің қызықты ерекшелігі бар: оның негізгі ақуызында (S-ақуыз) 32 мутация болады, бұл тұрақсыз геном болуы мүмкін, ол оңай мутацияға ұшырайды. Егер оның геномы тұрақсыз болса, онда бірінші кезекте ауыр салдарға әкелетін ауруды басып тастайды. Біз қазірдің өзінде жүз адам жұқтырғанын көріп отырмыз, барлығының ауруы жеңіл, ешкім қайтыс болған жоқ», – деді Альтштейн.Дәрігер омикрон штамының пайда болуы пандемияның аяқтала бастағанын білдіреді деген пікірде.
«Егер коронавирустың өлім-жітімі тұмаудан қайтыс болғандардың санымен теңесетін болса, онда пандемия аяқталды деп айта аламыз. Пандемия «омикронмен» аяқталуы мүмкін», – деп жалғастырды вирусолог.Бұл ретте ресейлік маман жаңа штамның қарт адамдарға әсері туралы нақты қорытынды жасауға әлі ерте екенін атап өтті.