Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кел поэзия, құшағыңа ал мені

Кел поэзия, құшағыңа ал мені


…ТОЛҒАУЫ ТОҚСАН ТІРЛІКТЕ...

Келер күндерде не күтерін білдік пе,
Алыстағы арман әзер білінген бір нүкте.
Асығым менің алшысынан түссе екен деп,
Тыным таппаймыз толғауы тоқсан тірлікте.
Үлкенін іздеп өмір бәйгеде жүлденің,
Сый емес пе осы тірлікте тірі жүргенім.
Атар таңдардан күтерім, әсте, көп менің,
Оралмасы анық, келмеске кеткен күндерім.
Зымырайды уақыт артынан қуып айлардың,
Әлдекімдерге қуаныш сыйлап, қайғы
алдым.
Біреулер бүгін бағындырса, егер, биігін,
Ертең мен де жеңістің тойын тойлармын.
Өмірдің қанып ащы да, тұщы дәміне,
Тәубе де қылған Аяз би қарап әліне.
Таңында Тәңір тұрғызуды ұмытпаса егер,
Асықпай жүріп үлгерем әлі бәріне!!!

АНА АЛДЫНДАҒЫ ҚАРЫЗ

Біз қарызбыз, ұйқысыз әр түніне,
Көрсеткендері үшін де тәркі дүние.
Кім лайықты деп сұрасаң бақытқа,
Ана лайық бақыттың бар түріне.
Тоңдырмаған суыққа панаң болып,
Біздер үшін уайым жеп, алаң болып.
Біз сыйлайтын жандардың біріншісі,
Тұрары хақ қашан да анаң болып.
Біз қарызбыз, шаштарына ағарған,
Біз қарызбыз, аққан жасқа жанардан.
Анама ұзақ, баянды өмір бер деген,
Әр пендеде болу керек ақ арман.
Көлегейлеп күн түсірмей төбеңе,
Айтқан әр-бір ауыз сөзі өнеге.
Құрметтеуге тиіс бір жан - ол анаң,
Меккеге жаяу апарар, шығарып ап төбеге.
Басыңнан сыйпап, мұңайғанда жабығып,
Анаң жүрер ұзай қалсаң сағынып.
Балтыр сыздап сен ауырсаң, анаңның,
Жүрегі сыздар, жанұшырып, жанығып.
Ана үшін атсын күліп таң нұры,
Жаздым өлең ашылып жыр сандығы.
Лүпілдеп соққан әр жүректе бір тілек,
Жүзден ассын аналардың барлығы!

ПОЭЗИЯ ШЫҢЫ

Бір сұрақ бар кімсің өзі сен деген,
Шығарсың-ау дүниеге бос келмеген.
Маған қойсаң, мен әлі жас ақынмын,
Газетке де кітапқа да енбеген.
Үмітім бар өмір күтер деген бір,
Бұл жастықтың жалыны атқан кезең,
Тербете ме мендегі жыр біреуді,
Ой түбіне тартып тұрған елең бір.
Өлең екен асыл сөздің тұнығы,
Боларма екем мен асылдың сынығы.
Поэзияның алыбы қос Мұхаңдай,
Болар ма екем мен қазақтың мен дүр ұлы.
Мен де сырды ақ параққа ақтардым,
Бір арманға жетеледі атқан күн.
Менің барым, болашағым - Поэзия,
Бас тартады басқа қонған бақтан кім?!
Шабыт деген кереметтерден жасалат,
Бұл – бұлақтың көзін ашу деп аталат.
Мен жырлаймын жүрегім мен сезімді,
Мендегі сезім, мендегі жыр - махаббат.
Жас қауырсын қанат қақты самғауға,
Махаббатты поэзияға жалғауға.
Қара өлеңді берді Тәңір сый қылып,
Хақым да жоқ менің оны алмауға.
Қанат қақтым әдебиет әлеміне,
Шырмаламын шабыттың әлегіне.
Махаббаттан шабыт алып жыр жаздым,
Сен де оқып көр, жарай ма керегіңе.
Оқы, қазақ, жазған жырды жас балаң,
Жырымда сыр жан досыма ашпаған.
Шабыттанып жалғастырып мен келем,
Дара жолды Мұқағали бастаған.
Туа салып дана болған бар ма еді,
Сол даналар қайта тумас жан ба еді.
Мен де тудым анамнан ақын болып,
Кел, поэзия, құшағыңа ал мені!
Бақытжан ЖОЛАМАНҰЛЫ.
04 сәуір 2018 ж. 1 484 0