БАЛАҢЫЗДЫ ІНДЕТТЕН САҚТАҢЫЗ

«Pfizer» препараты – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми түрде мақұлдаған алғашқы вакцина. Вакцина бірінші кезекте 1-11 жастағы балаларға емес, 12-18 жастағы жасөспірімдерге қажет. Себебі, оларға вирус жұқса, ересектер сияқты ауырады. Ал, балалардың туғаннан бастап дарыған иммунитеті мықты болады. Сондықтан, оларға вирус жұқса да, иммунитеті тез төтеп береді. Дегенмен, вирус мутацияланып асқынса, қауіп артады. Бұл індет оларға ауыр зардап тигізуі мүмкін. Сол себепті, ата-ананың рұқсатымен олар да вакцина алғаны жөн.
Әйел адамға жүктіліктің алғашқы аптасында және босанғаннан кейін 42 күн өтпей, вакцина алуына болмайды. Сосын, кез келген созылмалы аурулардың өршуі кезінде, мысалы, аллергия болса, вакцина алмаған жөн. Егер иммунитетті әлсірететін дәрі ішіп жүрсеңіз, мысалы, аутоиммундық аурулар кезінде, вакцина алмау керек. Мұндай жағдайда дәрігердің кеңесімен дәріден үзіліс жасап қана вакцина алған жөн. Ал, қант диабеті және гипертензия сияқты созылмалы ауру болса, онда да дәрігердің бақылауымен алған дұрыс.
Ибрагим Нұркеев,
ауданаралық емхананың иммунолог дәрігері
ауданаралық емхананың иммунолог дәрігері