БЕСІКСІЗ ҮЙДЕ БЕРЕКЕ БОЛМАЙДЫ
Дана қазақ бесіктің қадірін кейінгілерге осылай түсіндірсе керек. ə бұрынғылардың үйінде қымбат-қымбат шетелдік дүниелері болмаса да, төрінде міндетті түрде бесігі тұрған. СӘби дүниеге келісімен-ақ оны бесікке бөлеген.
Қазір де тұңғыш балаға дүркіретіп бесік той жасап, оны көпшліктің көзінше нағашылары əкелген бесікке салу рəсімін орындау дəстүрі қолданыстан шыққан жоқ. Десе де, осы бір құнды жатын орнында өсіп, бесік жырымен сусындап жатқан сəби аз бүгінде. Жас аналар ерінеді ме, əлде, «бесiкке салған бала өспейдi, оның бойында қан жүгiрмейдi, аяқ-қолы қисық болады» деген бос сөзді алға тартады ма, əйтеуір ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан бесiк қазiргi кезде тербелмелi кереуетке, манежге ауысқан. Осылайша білген адамға жаңа туылған нәрестеге алаңсыз ұйқы мен тазалық сыйлайтын осы – бесік екенін елемейтіндер көбейді. Жас аналар күндiз-түнi кигiзетiн дайын жөргек қапқа (памперске) үйренiп алған. Ол тек ананың тыныштығы үшін, ал, бала жөргек қаппен өзін жайлы сезінбейтіні анық. Үлкендерден де «Бесiкке жатқан баланың жөргегi таза, аяқ-қолы түзу өседi, жылы жатады, оянғанда керiлiп, созылып жақсы жетiлiп, тез өсуiне ықпал етедi» деген жанашыр сөзін жиі естиміз.

Хадисте де бесiк жайында деректер айтылады. Жатырдағы бала жарық дүниедегі құбылыстардың барлығын анасының денесi арқылы қабылдайды. Ал, туғаннан соң аяғы шығып, өздiгiнше жүрiп бейiмделгенге дейiн оның денесi табиғи түрде қажеттi тербелiске түсiп отыруы тиiс. Мұны iске асыратын ең тиімді құрал — тек қана бесiк. Құранда мынадай сөз бар: «Мәриям баланы көрсеттi. Олар: «Бесiктегi бұл бөбекпен қайтып сөйлесемiз?» дедi». («Мәриям» сүресi, А-29). Аятта Иса пайғамбардың анасы Мәриям пайғамбарды бесiкте тәрбиелегенi анық айтылған. Аятта бесiктi «мәһд» деп бередi. Мәһдтi тәпсiршiлер «Сандық секiлдi ағаштан жасалған, қақпақсыз бұйым. Ол емшектегi сәбидiң жатын орны. Баланы құлап қалмас үшiн осы бұйымға салады» деп түсiндiредi. Демек, «мәһд» дегенiмiз – бүгiнгi бесiк. Соған қарағанда бесiктiң тарихы сонау Иса пайғамбардың дәуiрiнен, бәлкiм одан да әрiден басталған болып шығады. Қашаған жыраудың да «Пайғамбарлар туғанда, бесiк болған бұл ағаш» деуi бекер емес.
Қазақ ертеден бесiктi атадан балаға мұра етiп қалдырып отырған. Кездейсоқ жағдайға байланысты қирап қалмаса, өздiгiнен оны сындырып, отқа жақпаған. Сәби өсіп, бесікке жатпайтын уақытта оны жоғарыға қойып сақтаған. Сондықтан, біздің да ата дәстүрден алшақтамай, баламызды бесікте өсіріп, жырымызбен әлдилеп өсіргеніміз дұрыс болар. Дана халқымыз «Тәрбие тал бесіктен» демей ме? Бәлкім бесігіміз түзелсе, онда өсіп-өнген сәбиіміздің де болашағы бұлыңғыр болмас. Сіз қалай ойлайсыз ойлы оқырман?
Гүлхан ЯХИЯ