Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Смартфонның жанында ұйықтаудың қаупі анықталды

Смартфонның жанында ұйықтаудың қаупі анықталды

Ресейлік невропатолог, "СМ-Клиника" сомнологы Ольга Зинчева ұйықтар алдында смартфондарды пайдаланудың қаупін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Известия" басылымына сілтеме жасап. 

Маманның сөзінше, адам ұйықтап жатқанда жанына смартфон қоюына болмайды. Гаджеттен бөлінетін радиожиілік сәуле адамның тіндеріне сіңіп, денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін. Егер телефонды қуаттағышқа қойып қалдырса, өрт қаупі артады.
Сәулелену бедеулік, қатерлі ісік, неврологиялық және психикалық бұзылулар қаупін арттырады. Дегенмен, смартфондардың ағзаға қауіпті әсері туралы айтуға мүмкіндік беретін деректер әзіргежоқ, деп атап өтті дәрігер.
"Телефон экранының көгілдір жарығы көзге, биологиялық ырғақтарға теріс әсер етеді, ұйқысыздықты, бас ауруын, өнімділіктің төмендеуін, есте сақтау қабілетінің бұзылуын тудырады және көздің дистрофиялық ауруларының пайда болуын әкеледі", — деді Зинчева.

https://stan.kz


01 қараша 2021 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031