«Кальмар» – қауіпті ойын
17 қыркүйекте әлемдік Netflix стриминг компаниясы Оңтүстік Кореялық «Кальмар ойыны» (Squid game) атты сериалын көпшілікке ұсынды. Небәрі 9 бөлімнен тұратын сериал тұсаукесерден кейін бірден ТОП-10 тізіміне енді. Алғашқы төрт күн ішінде Netflix үздіктерінің ондығында көш бастады. Дем арасында төрткүл дүниеге тарап үлгерген дораманың төңірегінде шу көп бүгінде. Ата-аналардың көңілін алаң қылған бұл сериалдың сюжеті қандай?
Netflix сайтындағы сипаттамада «Өмірден алары қалмаған, күнделікті өмірі қарызға ақша алудан басталатын бірнеше адам балалар ойынына қатысуға шақырту алады. Жеңімпазды қомақты сыйақы күтіп тұр, өтемі де ауыр»,— делінген. Расында, дораманың алғашқы бөлімінен-ақ, атыс-шабыс, қан төгіске куә боласыз. Өмірде қарызға белшесінен батқан 456 адам жан баласы білмейтін жұмбақ ойынға қатысуға шақырту алады. Олар 98,5 миллион АҚШ ақшасын ұтып алу үшін бастарын бәйгеге тігеді. Алғашында ойынның құны өз өмірі екенін түсінбеген олар, барлық шартқа келісім береді. Миллиондаған долларлар үшін өмірін бәске ікпесе шынайы өмірде де аман қалу қиының-қиыны еді.

ТЫНЫШ ЖҮРСЕҢ - ҰЗАҚ ЖҮРЕСІҢ
Ал, енді «Кальмар ойынында» қандай ойындар ойнатылды? Осы төңірегінде сөз қозғасақ. Алғашқы ойын - «Red Light Green Light» деп аталады. Көптеген мемлекетте балалар арасында танымал болған ойын түрі. Атауы басқаша болуы мүмкін, бірақ идеясы бір. Бір адам артқа бұрылады, ол көрмей тұрғанда басқа ойыншылар мәреге дейін жетуі керек. Артқа бұрылған бас ойыншы санауды аяқтап, бұрылғанда ойыншылар қатып қалады. Кім қозғалады, сол ойыннан шығады. Ең алғашқы ойында дәл осылай қатысушылар үлкен қуыршақты көреді. Диктор ойынның ережесін түсіндіреді. Қуыршақ «Тыныш жүрсең - ұзақ жүресің», деп сөйлейді, сол сәтте қатысушылар жүреді, ал қуыршақ тоқтаған кезде қатысушылар мүлдем қозғалмай тұру керек. Егер қатысушы қозғалып қалса, ойыннан шығады, яғни өледі. Осылай 1 серия аяқталады.

Екінші ойында қайнатылған балдан немесе қанттан жасалған бәліштерден белгілі бір пішінді сындырмастан кесіп алуы керек. Үшінші ойында ойыншылар 10 адамнан екі командаға бөлінеді. Олар бұл жолы арқан тартысады. Төртінші ойында ойыншылар өзара жұптасады. Әрқайсысына 10 кішкене шар беріледі. Оларға өзара ойын ойнау тапсырылады, жеңілген адам барлық шарды қарсыласына беруі керек. Кім толық 20 шарды алады, сол келесі кезеңге өтеді. Бесінші ойында қатысушылар 1-ден 16-ға дейін санды таңдайды. Кейін оларға сол рет бойынша көпірден өтетіні хабарланады. Дегенмен көпір әйнектерден тұрады, бірі қалың, енді бірі жұқа. Ойыншылар секіріп өту керек. Сериал барысында аталған ойынның біздің елдегі танымал ойындардың бірі «Мак» ойынына ұқсайтынын байқайсыз.Соңғы ойын – бас кейіпкерлер Ги Хун мен Сан У бала кездерінде ойнаған «Кальмар ойыны».
Ой сорабы
Әп-сәтте танымалдықтың жоғарғы деңгейіне жеткен бұл дорама қазақстандықтардың да қызығушылығын оятты. Тіпті, шиелілік оқушылар да осы ойынның әуресімен жүр. «Тик-ток»-тың өзінде қанша бейнероликтер де жарыққа шығып үлгерді. Оқушылар арасында лезде тарап үлгерген бұл ойынның тәрбиелік маңызы жоқтығын, балалардың санасын улап жатқандығы айтылуда. Қатыгез ойынның қауіпі туралы психолог Камила Асыпқызы: «Баланың ойыны деп айтады. Бірақ бұл баланың ойыны емес. Бұл адамның, баланың санасын улайтын ертеңгі күні жалпы халқымызға дерт болатын қауіпті ойын. Қауіпті ойын деп айтатын себебім, бұл бірінші кезекте бейсаналы түрде адамның жан дүниесіне енеді. Өсе келе соған қадамдар жасайды», – дейді.

Әлеуметтік желіде кеңінен таралған телехикая көрсетіліміне ата-аналар да қарсы. Себебі, «Кальмар ойыны» сериалынан кейін балалар ондағы көріністерді аулада қайталап жүр. «Осы кинодан кейін, аулада балалар кәдімгідей сол ойынды ойнап жүр. Адам өлтіру олар үшін ойын сияқты. Оларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіру қиын. Сондықтан бұл дораманы елімізде көрсетпеген дұрыс деп ойлаймын», – дейді Г.Абдреева. Дәл осы пікірді ұстаздар да қуаттап отыр. Себебі, сабақ үстінде оқушылардың тәтті тоқашта бейнеленген суретті инемен мұртын бұзбай ойып алуға талпынып отырғанын аңғарған. Демек, бұл фильм балалар психикасына әсер етіп жатқаны емес пе?
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ