Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТМД үшін 100 идея» байқауында қазақстандық стартап жоба жеңімпазы болды

«ТМД үшін 100 идея» байқауында қазақстандық стартап жоба жеңімпазы болды

Арменияда ТМД елдерінің Жастар ісі жөніндегі кеңесі шеңберінде «ТМД үшін 100 идея» байқауының финалдық кезеңі өтті.

Қазылар алқасының шешімімен «ТМД үшін 100 идея» байқауының жеңімпаздары болып түрлі бағыттар мен номинациялар бойынша 12 жоба танылды. 
Авиациялық, ғарыштық және көлік жүйелері номинациясында Көкшетау жоғары техникалық колледжінің 5 курс студенті Каир Әлихан «Таза сутегімен жұмыс істейтін қозғалтқыш» жобасымен жеңімпаз болып танылды. 
Жалпы, байқауда 11 жас қазақстандық 10 бағыт бойынша өздерінің стартап-жобаларын ұсынды. 
Атап кетейік Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстанның атынан Ұлттық делегацияны жасақтап, оның құрамына инновациялық идеялары бар талантты жастар кірген болатын. 
Байқаудың финалында Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның жобалары ұсынылды. Барлық ТМД елінен барлығы 50 өтінім берілді.

https://baq.kz​​​
14 қазан 2021 ж. 478 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9328)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031