Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мұқағали» көркем фильмі кинотеатрларға шығады

«Мұқағали» көркем фильмі кинотеатрларға шығады

21 қазаннан бастап «Қазақфильм» түсірген «Мұқағали» көркем фильмі отандық кинотеатрларда жарыққа шығады, деп хабарлады kazakhfilmstudios.kz.

Фильмнің режиссері – танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірді.
Түсірілім жұмыстары Өскемен қаласында басталып, Санкт-Петербург, Алматы және Алматы облыстарында жалғасты. Режиссердің айтуынша, картина ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.
«Біз фильмде Мұқағали Мақатаевтың есейген кезімен, Қазақ КСР жазушылар одағының ақынның тағдырын отырыста шешкен уақытымен танысамыз», деді фильмнің режиссері Болат Қалымбетов.  
Туынды сценарийінің авторлары – Жүсіпбек Қорғасбек, Болат Қалымбетов, Ғазиз Насыров. Қоюшы операторы – Едіге Несіпбеков, ал қоюшы суретші – Ермек Өтегенов. Композиторы – Никита Карев, продюсері – Алмат Масалим. 


https://egemen.kz​​​
30 қыркүйек 2021 ж. 408 0