Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жанармай бағасы қымбаттайды

Елімізде жанармай бағасы қымбаттайды

Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінде дизель отынының бағасы көтеріледі. Бұл туралы QazaqOil баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Көршілес мемлекеттермен дизель отынына бағаның диспаритеті іс жүзінде жанармайдың «ағылуына» әкеп соқты, транзитті жүк фуралары Қазақстан аумағында бір құйғанда 1000 және одан көп литр құяды. Сондай-ақ қазан айында Павлодар мұнайхимия зауыты (ПМХЗ) жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты қызметін тоқтатады», делінген хабарламада.
Ұйымның хабарлауынша, жоғарыда аталған факторлар дизель отынының жетіспеген көлемін Ресейден импорттау қажеттілігін туындатады. Салдарынан бағаның көтерілуіне әкеп соғады, өйткені сатып алу бағасы мен шығындарды да ескеру қажет.
QazaqOil дизельдің түсіміне қарай бағаның өзгеруі кезең-кезеңімен жүретінін хабарлады. Бірінші кезектегі міндет барлық тұтынушылар үшін қажетті көлемді қамтамасыз ету болып саналады.
Қазіргі уақытта аталмыш компанияның дизель отынының бір литрі Алматыда 205 теңгеден сатылады. Бұған қоса Қазақстанда дизельдің орташа құны 2021 жылдың тамыз айындағы көрсеткіш бойынша 198,93 теңгені құрайды. LS-тің хабарлауынша, бұл шілде айымен салыстырғанда 1,3 пайызға, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға көп.

https://egemen.kz




29 қыркүйек 2021 ж. 325 0