Бүлдірген
Кіп-кішкентай бүлдіршіннің бүкіл өмірін бүлдіріп жүрген педофилдердің жыл санап саны артып бара жатқаны қорқытады. Кеше қыз өсірген ата-ана алаңдаса, бұл күндері баласы бар барлық пенде үрейленеді. Оған себеп, үйдегі бейкүнә балапанын түзде азғындардан қорып отыратыны.
Ақпарат айдынын ең суық осындай хабардың қаптап бара жатқанынан болса керек, бұл күнде педофилдер жайлы жиі құлақ шалады. Олардан қорғану үшін азғындардың суретін жариялап, әр жерге іліп қою туралы да ұсыныстар айтылды. Ал, бұл тақырыпты қозғар алдында біз де біршама деректерді жинауға кірістік. Infopublik.pravstat.kz сайтынан Қызылорда облысы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге сексуалды сипаттағы іс-әрекеті үшін тіркелген 13 адамның толық мәліметін кезіктірдік. Бұл тізімде шиеліліктер де бар. Онда тұрғылықты мекен-жайы мен суреті көрсетілген. Бір қызығы, сайтқа кіріп, мәліметтерді жинап болған соң, арада бірнеше сағат өткеннен кейін сол тізімдегі бір азамат әлеуметтік желіде хат жолдады. Бұл қалай, сәйкестік пе?

Бүгінде естігеннің өзінде жаныңа түрпідей тиіп, мұз қаритын «педофил» деген атау пайда болды. Заманның өзгергені ме, әлде адамдардың шынымен азғындағаны ма, екі күннің бірінде ақпарат құралдарынан «7 жасар ұл бала зорланды», «3 жасар қыз қорланды», «5 жасар қызды зорлаған педофил ұсталды» деген сынды хабарды естіп, оқып жатамыз. Бұрын-соңды ер адамдардан қыздар жәбір көріп жататын еді, ал қазір бұл құрық ұлдарға да түскені жанға батады. Одан қала берді жасөспірімдерге зорлық әрекеттер жасайтын әйелдер де қара көрсетіп жатқаны жасырын емес. Мұның ақыры неге апарып соғады, жалпы бала зорлауға деген құмарлық неден пайда болады, ол ауру ма, әлде, басқа жағдай ма? Осындай сан сауал көкейді тілгілеп жатқаны анық.
Қыз өскен үйде қырық түрлі тыйым бар. Тәлім-тәрбиені тал бесіктен сіңірген қазақ халқы қызын құтты ұясына қондырғанша ұяты мен арын сақтауға баулыған. Үйдің қорғаны әкесі, не болмаса орнын басар ағасы қызға жат біреудің көз салмауын қадағалаған. Ал, бұл күндері зіңгіттей жігіттер мен орта жастан асқан ер адамдардың бүлдіршіндерге азғындық жасауы өршіп барады. Күнде дабыл қаққан бұл оқиғалар бей-жайлықты көтермейді. Қорғансыздарды қорғаудың амалын таппасақ, үйдегі кішкентай балапандарымыз кімнің құрбанына айналып кетері белгісіз. Ең әуелі ер адамдардың ессіз әрекетін, нақтырақ айтсақ, зардабы көп қылмысын тоқтатып, намысты қайрайтын кез жеткен сыңайлы. Қыз намысын ұлт намысына балайтын халық екенімізді естен шығармасақ керек-ті. Сол намыс туы ежелден-ақ жігіттердің қолында жүрмейтін бе еді дейтін текті елдің ұрпағы емеспіз бе? Бүгін сөзге іліккен қыздың тағдыры ертең өзге қазақ қызының басына келмейтініне кім кепілдік бере алады?
Абайла, балақай!
Бүлдіршіндерге азғындық жасаумен қатар кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында ерте жыныстық қатынасқа түсу дерегі де жиі кезігеді. Сондықтан бой түзеп өсіп келе жатқан жастардың болашағына бейқамдық танытпау қажет. Өйткені кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы мұндай қарым-қатынасқа заң жүзінде жаза қолданып, түрмеге тоғытылуы бек мүмкін. Жастық жалынмен шалыс басып, келешегіне кедергі жасамауы үшін жастар арасындағы түсіндірме жұмыстардың жүйелі жүргізілуі маңызды. Сондықтан мектеп психологтары мен арнайы мамандар да бұл мәселені назардан тыс қалдырмауы шарт.

Ал, баланы ересектердің зорлығынан қорғау үшін, прокурорлар бірнеше кеңес береді. Ата-аналар күн сайын балаларын мұқият болуға тәрбиелеп, әрбір кішкентай нәрсенің өзін ескертіп, көшеде, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда кездесіп қалуы мүмкін қиын жағдайдан қалай шығудың жолдарын да тәптіштеп көрсетуі тиіс. Мәселен, ересектер тарапынан қандай да бір қауіпті байқаса, баланы әрдайым «жоқ» деп жауап беруге, қажет жағдайда қатты айқайлауға үйрету керек. Егер біреу оны алып кетуге әрекеттенсе, «бұл менің әкем емес» деп қатты айқайлап өзгелерді көмекке шақырсын. Жасөспірім ата-анасына қайда бара жатқанын, қашан оралатынын әркез хабарлап отыруы қажет.
Бала үшін арнайы код, сөз немесе пароль ойлап тауып қою керек. Яғни, олар «сені алып кетуге ата-анаң жіберді, менімен бірге жүр» десе, бала бейтаныс адамнан әлгі кодтық сөзді талап ете алады. Осылайша, оның шын мәнінде өз жақыны немесе бөтен ойлы адам екенін анықтай алады.
Сондай-ақ, балаға бөтен адаммен бірге ілесіп кетпеуді, көлігіне отырмауды үйретіп қойған жөн. Көшеде де жалғыз жүрмеуін қадағалау керек. Балаларға ересектер тарапынан болуы мүмкін қауіпті жағдайларды үнемі ескертіп отырған абзал.
Ата-ана баласының проблемасы мен алаңдаушылықтары туралы біліп, оларды тыңдап, қызығушылықтарына мән беріп, оған дұрыс кеңес беруі керек. Тек осылай ғана баласын зорлық-зомбылықтан сақтандыра алады.
Жасөспірімдердің зорлыққа тап болуының бір салдары ата-аналардың қажетті деңгейде көңіл бөлмеуінен екендігін ескерсек, осы ескертпелерді балаларға мұқият үйретіп қойғанымыз және оларды үнемі бақылауда ұстағанымыз абзал. Елдің ертеңі саналатын балалар мен жасөспірімдердің санасы сергек, рухы мен тәні сау болсын десек, жауыздық пен қатігездікті, басқа да қылмыстық әрекеттерді насихаттайтын, кәмелеттік жасқа толмағандардың жүйкесі мен санасына кері әсер ететін бейнекөрсетілімдерді көрмеуін қадағалауымыз қажет. Осындай жағдайлар адамның санасын улап, түрлі әрекеттер мен зорлыққа баратындардың қатарын көбейте түсуі мүмкін.
P/s: Сөз соңында, қылмыстардың ішіндегі ең ауыры – қорғансыз бүлдіршіндерге аяусыз қастандық жасау дер едік. Кейбір ересектердің мұндай әрекетке баруы шындығында айуандық, адамдық азғындаудың шегі ме дейсің. Үлбіреп тұрған гүл өмірді таптайтын, адами болмыстан ада мұндай жандарды ең қатал үкіммен жазаласақ та артық етпес еді. Бірақ, жаза қатайтылғанымен, бұл азғындықты ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Ақтөбедегі сияқты жас балаға жасөспірімдер жабылып қорлық көрсететіндей күйге түсуіміз қасірет емес пе?! Бұл азғындықтың астарында не жатыр? Мұндай жауыздықты жеткіншектер қайдан жұқтырып, зорлықшыл болуды кімнен үлгі етіп жүр? Педофилдерді химиялық кастрация жолымен де қорқыта алмадық. Одан қатал жаза да айуандықты тоқтатпай тұр. Неге? Мүмкін, бұл адамдық қасиет азайып, надандық жайлаған ақпарат ағынына қарсы тұра алмай жатқанымыздан болар. Тұғыр болар тәрбиеміздің тамырын босаңсытып алғанымыз тағы бар...
Тағы не?
Тағы не?
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ