Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте сүт өңдейтін цех ашылды

Шымкентте сүт өңдейтін цех ашылды

Шымкент қаласындағы Мәртөбе тұрғын алабында сүт өнімдерін өңдейтін цех ашылды. Жобаға 300 млн теңге инвестиция тартылған, деп жазады Egemen.kz.
Цехта күніне 20-25 тоннаға дейін сүт өңделуде. Өңделген сүттен 2,5 тонна ірімшік өнімінің голланд және моцарелла түрі шығарылады. Сұранысқа қарай брынза өнімі де өндіріледі.
Цех ұжымы алдағы уақытта өнім көлемін 35-40 тоннаға дейін арттырып, түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Мәртөбеден шығарылған сүт өнімдері еліміздің барлық аймақтарын толықтай қамтып отыр екен. Сондай-ақ, кәсіпорын жұмысын дөңгелету үшін жиырма бес жергілікті тұрғын тұрақты жұмысқа тартылды.

​https://egemen.kz​​​
03 қыркүйек 2021 ж. 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30