Абайдың 1885 жылы жазған жарғысы музейге қойылды
Кодекс 1885 жылы Қарамола елді мекеніндегі съезде, Абай жоғарғы би болып сайланғанда қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
2018 жылы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы қызметкерлері Қазан қаласына сапар жасаған кезде заңдар жинағын тапқан.
Қарамола жарғысы – адам құқығы мен бостандығын қорғау туралы ережелер жинағы. Кодекс 1885 жылы Қарамола елді мекеніндегі съезде, Абай жоғарғы би болып сайланғанда қабылданған. Кейін Семей әскери губернаторының бұйрығымен Қазан университетінің баспасында араб әліпбиімен шығарылған.
«1885 жылы Қарамола елді мекенінде билердің съезді өтті. Сол съезде Абай жоғарғы би болып сайланды. Ресей үкіметінің жергілікті өкілдері хакімнен заңдар жинағын жазып беруді өтінген. Үш күн ішінде билермен кеңесе отырып, Абай осы жарғыны шығарды», дейді Абай атындағы музей директоры Мейрамгүл Қайрамбаева.
Жарғының тек кирил қарпімен жазылған нұсқасы Семейдегі музейде 60-жылдардан бері бар. Түпнұсқасы енді табысталды.
«Енді зерттеушілер кирил қарпімен машинкамен жазылған көшірмесін түпнұсқамен салыстыра алады. Сонымен қатар бірқатар мәселелерге нүкте қойылады. Себебі бұған дейін кейбір тараулар бойынша дау-дамайлар туындаған еді. Кирилл қарпіне аударғанда да қателіктер кетуі мүмкін. Зерттеушілер үшін бұл өте үлкен олжа», деді музей директоры.
https://egemen.kz