Дәрігер не себепті күзге дейін вакцина салдырып үлгеру қажет екенін айтты
Ресейлік иммунолог-аллерголог Андрей Продеус COVID-19-ға қарсы вакцинаны күзге дейін салғызып алу дұрыс екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, күзде тұмау мен ЖРВИ секілді аурулар қозады. Сондықтан адам иммунитеті көптеген вирустық инфекциялармен бетпе-бет келеді.“Иммунитет суық басталғандықтан немесе күз келгендіктен нашарламайды. Алайда күзде инфекциялық аурулар көбейетіндіктен иммунитетке ауырлық түседі. Жұқпалы аурулар иммунитет үшін қосымша күш ретінде әсер етеді”, – дейді Продеус.
- "Аллергиясы бар науқастар коронавирусқа аз шалдығады": Аллерголог кімге вакцина салғызбауға болатынын айтты
- "Біздегі вакциналарды араластырмаған жөн": Иммунолог "дельта" штаммына қарсы Қазақстандағы ең тиімді вакцинаны атады
“Егер ауырып жүрсеңіз, екпе салдыруды кейінге қалдырғаныңыз жөн. Сонымен қатар ағзаңыз қайта қалпына келгенше күте тұрыңыз. Жазылғаннан кейін жеті күннен соң вакцина алуға болады. Егер басқа вирус жұқтырып, екпе алсаңыз, оның жанама әсері болуы мүмкін”, – дейді дәрігер.
Сондықтан маман өзін қалыпты сезінген адамдарға ғана вакцина салғызуға кеңес береді. https://stan.kz