Бүгін – Абай күні
Елімізде былтырдан бастап Абай күні атты мерекелік дата енгізілген. 10 тамыз – Абай күні. Биыл екінші рет аталып өтпек.
2020 жылдың 4 тамызында Үкіметтің арнайы қаулысы шығып, "Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі "Абай күні – 10 тамыз" деген тармақпен толықтырылған еді.
Абай – әрбір қазаққа жақын тұлға. Абай – қазақтың Конфуциі. Ағылшын жұрты Шекспирді, орыс елі Лев Толстойды, неміс Гетені қалай құрмет тұтса, қазақ та Ұлы Абайын дәл солай құрмет тұтады. Өмірінің темірқазығына айналдырып, тосылған, күйзелген, жол таппаған кезде данышпан ақынына келіп жүгінеді. ХХ ғасырдың арыстары да Абайдан қуат алып, Абаймен сауат ашқан. Елдік мүдде, ұлттық сананы Абай мұрасынан арқау етіп алған деседі.
Артында, жүздеген өлеңі мен ондаған әні, поэмалары мен 45-тен аса "қара сөзі" қалды.
Орыс әдебиетінен Пушкин мен Крыловты, Батыс әдебиетінен Гете мен Байронды аударды. "Масғұт", "Ескендір" поэмаларын оқыған адам ақынның Шығыс әдебиетінің жауһарларымен етене таныс болғанына көз жеткізеді. Батыс пен Шығыс әдебиетін тел еміп, одан алған азығымен қазақ әдебиетін байытқан ойшылды ұлт руханиятының реформаторына теңейтіндер бар.
Былтырғы 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай шығармалары француз, ағылшын, орыс, араб, испан, қытай, түрік, жапон, неміс, италия, грузин, иврит, қырғыз, малай, монғол, нидерланд, португал, украин, өзбек, хинди тілдеріне аударылып, жеке-жеке кітап болып шықты.
Республика бойынша 31 елді мекен, 1300-ге жуық көше мен даңғыл, 100-ден аса білім мекемесі ойшыл ақынның есімімен аталады.
https://massaget.kz