Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар шоколадтың адам үшін күтпеген пайдасын айтты

Ғалымдар шоколадтың адам үшін күтпеген пайдасын айтты

Табиғи шоколад қысқа мерзімде адамның көңіл күйін көтеріп, күйзелістен арылуға септігін тигізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шоколад денеге құрамындағы май қышқылдарының арқасында әсер етеді. Сондай-ақ ғалымдар тәттілерді тұтыну адамның жүйке жүйесіне айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.
“Стресті шоколадтың көмегімен арылту өзін-өзі ынталандыру әсерін тудырады. Кейбір адамдар шоколадқа немесе тәттіге толықтай тәуелді. Әдетте бұл сүйіспеншілік пен адамға көңіл бөлінбеудің салдарынан туындайды", - дейді тәжірибелі психолог Ольга Твардовская.
"Стройная Россия" бүкілресейлік қоғамдық қозғалысының төрағасы Ольга Ванатова стресске қарсы күресте тәттінің көмегі жүйке жүйесіндегі жұбаныш шартты рефлексін тудырып, сол арқылы жақсы көңіл күйге қол жеткізілетінін атап өтті. Мұндай реакция балалық шақта, ата-аналар балаларын тәттінің көмегімен жұбатқан кезде болған.
"Адамның стресске реакциясы екі кезеңнен өтеді. Біріншісі – адам резервтерді жұмылдыруға тырысады. Екіншісі – пайдаланылған резервтің орнын толтыру қажеттілігі. Атап айтқанда, глюкоза есебінен туындайды. Сондықтан біз стрестен зардап шеккен кезде тәттіні қалаймыз. Шоколад табиғи болса, қысқа мерзімде нөлден төмен көңіл күйді қалпына келтіруге көмектеседі", – дейді ресейлік қоғам қайраткері.
Ванатованың айтуынша, шоколад шынымен де молекулалық деңгейде жұмыс істейді. Бұл әсер май қышқылдарымен қамтамасыз етіледі.
"Зертханалық тәжірибелерден ғалымдар көмірсуларға бай тағам миға көбірек серотонин – бізді бақытты ететін гормон шығаруға көмектесетінін білді. Алайда мұндай эйфориялық сезім ұзаққа созылмайды", – дейді сарапшылар
Тәтті дәм, қаптама, шоколадты тілде еріту сезімі жағымды эмоциялар тудырып, тыныштандырады.
Сондықтан күйзеліске ұшыраған адамдар табиғи шоколадты пайдаланғаны тиімді.


https://stan.kz
09 тамыз 2021 ж. 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930