Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Имандылық – инабаттылық мұраты

Имандылық – инабаттылық мұраты


Балалардың жан дүниесі, әлемі – кіршіксіз, таза ақ ұлпа қардай нәзік, кішкентай жүрегі тек қызығушылықты, жаңаша жасампаздықты қалайтын, еркіндікте үлкендердің ешқандай тыйымынсыз қалауының орындалғанын тілейтін эмоционалды көңіл-күйден тұрады.
Олардың балалығы сонда барлығына ақылмен емес, көңіл күймен, аңғалдығы мен сенім білдіреді. Сол зор сенімнің арқасында тәтті ұстатқан педофильдің, терроризмнің, бала ұрлығының құрбаны болып жатады. Осындай жан-түршігерлік оқиғалардың алдын алу мақсатында бала сақтық шарасы ретінде кітап оқып, өзіне жат әрекетпен байланыспау қажет. Мұндай да баланың уақытын тиімді өткізу де маңызды. Ата-ана күні бойына балаға назар аудара алмағандықтан баланың бір мезгіл үйірмелерге қатысып, бой сергітуі үлкен әсер береді.
Балалардың діни негізде іштей мазалайтын сұрақтары өте көп. Оған арнайы маман жауап бермесе, ата-ана мен үлкендердің жауабы әркез балаларды қанағаттандыра бермейді. Себебі, бала кішкентай кезінде әр нәрсеге талпынып, құмартып, білгісі келіп, сұрақты жаудырып, қызығушылық танытып тұрады. Осындай уақытта баланың фундаменті дұрыс қалануы тиіс. Әсіресе, мұсылман елі саналғанымен зайырлы дін ұстанатын біздің елде жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін баланы исламнан хабардар ету маңызды.
Сонымен баланың танымын кеңейту әрі ислам діні турасында түсінік бере отырып, имандылыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу мақсатын көздеген балалар кітапханасы «Имандылық – инабаттылық мұраты» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесуге әріпті енді тани бастаған 1 сынып оқушыларынан бастап 7 сынып оқушыларына дейінгі балалар қатысты. Кездесудің басты қонағы орталық мешіттің наиб имамы Нұржан Жаханшаұлы. Барлық сақтық шараларын ұстанған балалар мен имамның кездесуі бір жарым сағатқа ұласты.
Кітапханашы Перуза Түлкібай әртүрлі тақырыптар арқылы баланы кітап оқуға қызықтырып, ислами сауаттылықты тәрбиемен ұштастыру керектігін айтып, «Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны ажырата біледі» деді. Имам Н.Жаханшаұлының діни сауаттылықты ашудан бастамас бұрын балалардың бірінен соң бірі қойған сұрақтарына жауап берді. Көбіне балалар «мұсылман деген кімдер?», «ораза деген не?», «қажылық деген не?, оған кімдер барады?», «садақа берудің қандай қасиеті бар?», «теріс ағым, бағыттардан қалай сақтанамыз?», «исламда жануарға тиіспеу керектігі айтылған ба?», «дәрет алу, жұма намазы дегеніміз не?» және тағы басқа толассыз сұрақтар қойды. Балалардың сұрақтарына тұщымды жауап берген соң адамгершілік, ата-ананы сыйлау, құрметтеу, жақсылық жасау сынды тақырыптарда уағыз айтып, адамзаттың асылы – Мұхаммед пайғамбардың өмірінен, хадистерден сыр шертті.
Имани сауаттылықты арттырғаннан кейін балалар дана Абайдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Жұмақ ананың аяғының астында екенін ұғынған бүлдіршіндер «Асыл ана» әнін орындады. Сонымен бірге, кездесудің соңында Ағайша Садықова «адамды адам ететін – иман» атты кітап көрмесімен таныс­тырды.

Ақбота Баянбай
07 тамыз 2021 ж. 568 0