Әлемді қорғайтын да, ластайтын да адамзат
Табиғат – адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығымен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті.
Соңғы жылдары жер шарында барлық табиғат қорлары бұрын-соңды болмаған антропогендік өзгерістерге ұшырап отыр. Олардың ең бастысы – әлемдік климаттағы өзгерістер. Мәселен, күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен, өнеркәсіп қарқындап дамуына байланысты ауаға зиянды газ, шаң көтеріліп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл апатты құбылыстар өнеркәсібі шоғырланған ірі қалаларда өріс алып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерге де өз ықпалын тигізуде. Алысқа бармай-ақ өңіріміздегі Арал теңізін алайық. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³ болған. Әлем бойынша төртінші орынды алған Арал теңізінің 1960 жылдардан бастап көлемі кішірейген, ал тартылуына себеп көп. Себебімен қатар зияны да жетерлік. Бір өңір немесе Қазақстанға ғана емес, бүкіл жер жаһанға зардабын тигізген жайы бар. Қазіргі таңда, экологиялық апат ретінде әлемнің, сондай-ақ, БҰҰ-ның назарында. Әйтсе де атқарылып жатқан шаралардың қарасы көрінбейді. Нәтижесінде Арал теңізінің біржола құрып кету қаупі төніп тұр. Дәл осындай көрністің бірі аң мен балық шаруашылығына да қатысты. Малға шапты деп бір, қызық үшін екі, тағысын тағы деп қасқырды, азық үшін деп балықты, атқамінерлердің көңілі үшін ақбөкендерді күніге адамзат өз қолымен қырып жатыр. Салдарын ойлайтын тек экологтар. Ал, олар жойылса көптеген жан-жануардың жойылатынын естен шығарған. Тұмса табиғат жалғыздықты жақсы көрмейді. Бір-бірімен қоректенетіне қарап жыртқыш деп бағалағанымызбен олар бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, табиғаттың ажырамас бөлігі. Егер соның бір бөлігінен айырылсақ, қалған бөлігі де зардап шегіп, жоқ болып кетеді.

Қайбір жылдары мияның тамырын қытайлықтар сатып алады-мыс деп кең байтақ жердегі өсімдікті тамырымен жұлып жердің құнарлығын жойып, сорын шығардық. Одан кейін тау пиязы шықты. Іле шала құрқылтайдың ұясы мен жарғанатты іздеп әлек салған тұрғындар қаншама? Табиғатты қорғаймыз деп айтып аламыз, кейін технологияның қарыштап дамыған заманы деп бар көңілді техникаға аударамыз. Сол технология дамуы үшін барлық экспериментті табиғатқа жасаймыз кеп. Бәлкім, қазіргі табиғаттың өзгерісіне осы технологияның әсері бар.
Үлкендердің әңгімесіне құлақ түрсеңіз, «осы 80 жасқа дейін мұндай ыстықты көрген емеспін» деп жатады. Енді өңірдегі ыстықпен Жамбыл облысын салыстырайық. Мәселен, Қызылорда облысында түрлі зауыттар, өндіріс орындары бар. Күріш өңдеу, цемент, әйнек, кірпіш шығаратын өндірістер жетерлік. Соның салдарынан болар ауа райы қыста өте суық, жазда өте ыстық. Су жетіспеушілігінен жасыл желекпен тұмшаланып тұрған өңірді байқамайсыз. Ал, Таразда қалай? Таразда ауа райына әсерін тигізетін өндіріс орындары жоқтың қасы. Содан болар жасыл түстен көз алмай тояттана қарауға болады. Климаты адамға да, шаруашылыққа да жайлы.
Жердің де, елдің де көгеруі суға байланысты. Аты көпшілікке танымал Сырдарияның тартылуы да үлкен қауіп. Егістік алқабына экономикалық шығын әкелсе, су тапшылығынан жердің шөліркеп құнарсыздануы, одан қалса ауланың ажарын ашып тұратын гүлдер мен жеміс ағаштарының азайюы құрғақшылыққа алып келеді. Осылай елеулі мәселелер бір-бірінің ізін жалғап, кедергінің көбеюіне себеп болады.
Экология, оның ішінде өңірлік қоршаған ортаның жағдайы мен өнеркәсіп орындарының тигізген залалдары жөнінде мамандар не дейді деп ардагер, бұрынғы экология инспекциясының басшысы Ж.Баетовтің аз-кем ой-пікірін білдік.
– Уақытында аудан, кент тұрғындарының залалсыз өмір сүруі мақсатында қоқыс төгу үшін Сасқұмына келісім бергенім бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін. Экология инспекциясы жабылғанымен табиғат тазалығы адамның әркез санасында қалыптасуы қажет. Бұл турасында Президент Қ.Тоқаев алғашқы жолдауында айтқан болатын: «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек», – деген еді. Көп кешікпей елімізде жаңа министрлік құрылды. Ол – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі деп аталды. Енді бұрынғыдай қайтадан аудандарда экология инспекциясы құрылса көп апаттың алдын алуға болады.
Экологиялық апат болса, мұны тоқтату оңайға соқпайды. Кез келген індет дәрігерлердің арқасында ауыздықталар, ал экологиялық апат болса, оған шама келмей қалады. Онсызды экологиялық аймақ бізде бар. Сондықтан өндірістік әк, тас, цемент, қоқыс, уран және тағы басқалары адам тыныстанатын жергілікті елді мекеннен алыс болуы керек. Әр нәрсенің шегі болады. Содан аспау керек. Қазір экологиялық талапты бұзғанға тек айыппұл төлетеді. Бұл дұрыс емес. Қатаң жауапкершілікке тартылуы керек. Сонда тәртіп болады. Кезінде мен осы үшін күрестім. Мәселен, цемент зауытын салатын уақытта 2016 жылдары мен ардагер эколог ретінде қарсы шықтым. Өндірістік аймақ деп Төңкеріс, Нартай, кентке жақын жерге орналасқанына қарсылық таныттым. Сол кездегі аудан басшылығына, аудандық мәслихат хатшылығына, аудандық ардагерлер кеңесіне айтып, қарсы болдым және өз ұсынысымды айттым. Менің ұсынысым Бәйгеқұмның ар жағындағы 18-19 бекеттер еді. Қанша жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтимыз, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтереміз дегенімен бұл зауыт кент ішінде орналаспауы тиіс еді. Экологияның өзгеруінен, өндірістік зауыттардың әсерінен ауаға түрлі улы газдар бөлінуде. Бұрын ғылыми дәлелденген арнайы апараттар болатын, осындай жер-су, ауаның құрамындағы өзгерістерді тексеретін. 2010 жылы бұл инспекция жабылды, сомен тәмам.
Ауданымыз бүгінде өндірістік орталыққа айналды. Бізде уран, ваннадий, әк, тас шығады. Әсіресе, ураннан шыққан әлсіз радиоактивті қалдықты арнайы залалсыздандырып кейін Степногорскіге алып кететін еді. Қалай сақталды? Қалай залалсызданды? Қалай тиелді? Мінеки, осы бағытта жұмыс жасайтынбыз. Бір күні кен басқармасы басшылығынан келіп, радиоактивті қалдықты көметін «могильник» орналаластыру керек, соған келісіңіз дейді. Бұл түгіл ауданда қанша бензин, қанша отын-көмір жағылды, оның түтіні ауаға зиян келтіріп жатқан жоқ па деген мәселелердің өзі қадағалуымызда болатын. Ал, олар келіп қалдық көметін орынды Сас құмы деп ауыстырыпты. Ол қалай болады? Бұл жердің айналасы елді мекендер емес пе? Оған Гигант, Қарғалы, Жаңатұрмыс ауылдары тиіп тұр. Содан қарсымын деп келіспедім. Мұнан кейін Дарбазаның оңтүстік жағында шұңқұр бар, соны пайдаланамыз дейді. Оған да қарсы шықтым, өйткені бұл жерде мал жайылады, төлдейді, таудан ары-бері өтетіндер бар, су ішеді, керек десең жұрттың демалатын жері деп қарсы шығып келіспедім. Ақырында Шиеліден 80 км қашықтықта жатқан таудың арғы бетіндегі Боздөң жерінен қалдық көметін цех соқты.
Мұның барлығы өткеннің еншісінде қалды деп қоя салмай, тексеріп тұру қажет. Ақша табу бір бөлек, табиғатты қорғау, аялау бір бөлек дүние, – дейді Ж.Баетов.
Еске салайық, ветеринарлық дәрігер мамандығын бітірген Ж.Баетов 1997-2006 жылдар аралығында аудандық экология комитетінде басшылық қызметінде болып, зейнетке шыққан. Бүгінде ауданның экологиясына алаңдап, ақыл-кеңесін айтып отырады.
Ақбота БАЯНБАЙ