Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ең қымбат заттар

Әлемдегі ең қымбат заттар

Жер бетіндегі ең қымбат заттың не екенін бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Планетадағы қымбат зат алтын немесе алмаз емес. Тіпті неше мың жылдық тарихы бар көне жәдігерлер де біз жазғалы отырған заттың қасында арзан. Бұл материалда біз әлемдегі ең қымбат заттардың тізімін жасадық.
Шафран – біздің тізімдегі алтыннан арзанырақ осы дәмдеуіштің 1 грамы 11 доллар тұрады. Ол негізінен тағамға дәм, хош иіс және бояу беру үшін асүйде  қолданылады.
Алтынның икемділігі соншалық, тіпті оның бір унциясын (31,1 грамм) тігін жібіне айналдырып, 80 шақырымға созуға болады. Осы асыл металдың 1 граммының бағасы шамамен – 56 доллар тұрады.
Платина – өнеркәсіп, зергерлік бұйымдар және қоршаған орта үшін маңызы зор зат.  Бір грамы – 60 доллар.
Мүйізтұмсық мүйізінің ұнтағына сұраныс Вьетнамнан келеді және оның грамы 110 долларға бағаланған.
Плутоний – атом энергиясын өндіруге қатысатын радиоактивті элемент.   Бір грамм плутонийдің бағасы – 4000 доллар.
Алмаз өзінің құрамындағы ең күшті ковалентті байланыстардың арқасында ең жоғары қаттылық пен жылу өткізгіштік деңгейі бар. Көптеген маңызды өндірістерде қолданылатын осы материалдың 1 грамы 55000 доллар тұрады.
Калифорния-252 – бұл нейтронды рентгенографиядан бастап, қатерлі ісікті емдеуге дейінгі кең ауқымда қолданылатын бағалы элемент. Бағасы 27 миллион доллар.
Антиматерия – бұл қарапайым антибөлшектер сияқты массасы мен қасиеттері бар зат. Теориялық тұрғыдан алғанда, ғарышта жұлдызаралық саяхат кезінде қолданылатын бұл заттың құны 6,25 трлн. Антиматерияның бұлай жоғары бағағалану себебі – оны өндірудің қиындығы. Қазіргі кезде антиматерияның бірнеше атомдары ғана зертханалық жағдайда бірнеше минут өмір сүре алады.
13 маусым 2021 ж. 836 0