«Астана» футболшылары вакцина алды
BAQ.KZ. Футболдан Қазақстанның алты дүркін чемпионы «Астана» командасының бірнеше ойыншысы коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, футболшылар «Спутник V» вакцинасын қаладағы медициналық мекемелерінің бірінде салдырған.
Вакцина алғандардың қатарында қақпашы Дмитрий Непогодов, қорғаушылар Антонио Рукавина, Жарко Томашевич, жартылай қорғаушы Исламбек Қуат және бапкерлер штабының өкілдері бар.
Айта кетейік, «Астана» клубы Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымында 9 турдан кейін 23 ұпаймен көш бастап келеді. Команданы ресейлік маман Андрей Тихонов жаттықтырады.
Еске салып өтсек, елімізде 6 мамырдағы статистика бойынша Қазақстанда 1, 5 миллионнан астам вакцинаның бірінші дозасын алған. Ал екінші компонетін салдырғандардың саны – 460 230.