Есте сақтау қабілетін жақсарту

Миды жаттықтыру. Кітап оқу, сөзжұмбақтар шешу, логикалық сұрақтарға жауап беру, өлең жаттау, шет тілдерін үйрену – миды жұмыс істетуге арналған пайдалы әрі ең тиімді әдістер.
- Физикалық белсенділік. Дене шынықтырумен айналысудың денеге ғана емес, миға да пайдасы бар. Белсенділік есте сақтауға әсер ететін жасушаларға септігін тигізеді.
- Дауыстап айту. Егер біз телефон нөмірін, мекен жайды немесе біреудің аты-жөнін дауыстап айтсақ, миымыз оны жаттап алады. Бұл жазып алу әдісінен әлдеқайда тезірек жүзеге асатын құбылыс.
- Ұйқы. Жақсы ұйқы – денсаулық кепілі. Ұйқысын қандыратын адамдардың өмірі ұзақ болады. Ұйықтап жатқан кезде ағзамыз босаңсып, демалады. Жасартатын гормондар қызметі қалпына келеді. Ұйқысы қанған ағза ақпаратты 2 есе жақсырақ есінде сақтайды.
- Релаксация. Медитация, йога секілді дүниелер зейінді бір арнаға жинақтауға әсер етеді. Яғни, есте сақтау қабілеті де дамиды.
- Көзге арналған жаттығу. Егер күнде таңертең 30 секунд бойы көзіңізге жаттығу жасап тұрсаңыз, есте сақтау қабілеті 10%-ға жақсарады. Мұны ғалымдар дәлелдеген.
- Байланыс. Есте сақтау әдістерінің бірі – фактілерді бір-бірімен байланыстыру (ассоциация).
- Дұрыыс тамақтану. Дұрыс тамақтану – есте сақтауға тікелей әсер етеді. Қара өрік, саумалдық, жаңғақ, цитрус, қызылша, қаражидек пен мейізді жиірек жеуге кеңес береміз.
- Дәрумендер. Ең пайдалы дәрумен – В дәрумені. В12 дәруменінің (балық, ет, жұмыртқа, құс) жетіспеушілігі есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді. Бұл дәрумен жұмыс істеуде көмекші болып келеді. Сондай-ақ С, Е дәрумендері жайлы да ұмытпауымыз керек.
http://balbal.kz