Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есте сақтау қабілетін арттыруға көмектесетін 6 тәсіл

Есте сақтау қабілетін арттыруға көмектесетін 6 тәсіл

Есте сақтау қабілетін арттыруға көмектесетін 6 тәсіл

Ақпарат ағымы жылдамдығын шектен тыс асырған уақытта адамның есте сақтау қабілетінің де қауқары төмендейтіні белгілі. Қажетті-қажетсіз, маңызды-маңызсыз ақпараттар ортасында жүріп, есте сақтау қабілетін арттырудың жолын табуға болады екен.
Төмендегі алты түрлі әдіс-тәсілді оқыңыз, мүмкін керегіңізге жарап қалар.
Мысалы, дене бітімінің сұлулығын арттыру үшін түрлі дене шынықтыру жаттығулары жасалынады. Ал біз мидың жұмысы мен жад жағдайын жақсарту үшін қанша уақыт бөліп, не жасап жүрміз?
Бастысы – жад жұмысын жақсарту үшін, туған күндер мен айтулы даталарды, тапсырмалар мен ойға алған істерді ұмытпау үшін бірнеше сағат уақытты құрбан етпейсіз.
  1. Отыру мәнерін қалыпқа келтіріңіз
Үстел алдында күні бойы отыру сіздің мойыныңыз бен иығыңызға күш түсіріп, кешегі жиналыста басшының қандай тапсырма бергенін ұмытып қалуыңыз мүмкін. Сан-Франциско университетінің ғалымдарының дәлелдеуінше, үстел алдында иекті көтеріңкіреп, мойынды, арқаны түзу ұстап отыру – есте сақтау қабілетін арттыруға көмектесетін үздік тәсілдердің бірі. Өйткені, мұндай қалыпта миға баратын қан мен оттегінің мөлшері 40 пайызға дейін артады екен.
  1. Күлкіге уақыт бөліңіз
Міне, енді сізде жұмыстан кейін сүйікті комедиялық киноңызды көруге себеп бар. Лома Линда университетінің профессорлары жас шамасы түрлі топтарды екі қатарға бөліп, бір бөлігіне 20 минуттық комедия көрсеткен. Ал екінші топты тыныш жерде ұстаған. Артынша есте сақтау қабілетін тексеретін тест өткізіп, комедия көрген топтың айтарлықтай озық шыққанын дәлелдеді.
Кортизол (стресс гормоны) мөлшерінің комедия көрген топта аз мөлшерде болып, тестте үздік нәтиже көрсетуге себеп болыпты-мыс.
  1. Медитациямен айналысыңыз
Адамдар өздерінің ми талшықтарын, нейрондарды қалыпқа келтіріп және демалдырып отыруы тиіс. Сол кезде есте сақтау қабілетінің деңгейі арта түспек.

Бірнеше сағаттардан тұратын жай ғана медитацияға қарағанда, позитивті және эмоцияға толы медитацияның көмегіне жүгінген жөн.
  1. Таңғы жұмыстардың санын арттыру
Ұйқыдан тұрғаннан кейінгі алғашқы әрекет – күні бойы жасайтын жұмыстарыңыздың бастауы. Таңғы жаттығулар, музыка тыңдау, кофе ішу, қысқа видеолар көру дегендей...
Күнделікті жасалынуы тиіс, бірақ ұмыт қала беретін дүниелерді аса қажет заттармен, әрекеттермен байланыстырып қойыңыз. Ал қағидаға айналып кеткен қарекеттер оңайлықпен ұмытылмайды.
  1. Жеміс-жидектермен қоректеніңіз
Адамдардың көпшілігі жадының жұмыс жасау деңгейін арттыру мақсатында медициналық көмек алып, дәрумендерге, химиялық дәрі-дәрмектерге сүйеніп жатады.
Ал оларды табиғи жолмен, яғни, жеміс-жидектерді күнделікті қолдану арқылы қабылдауға болады. Түрлі жемістер мидың күш-қуатын арттыратыны - уақытпен дәлелденген дүние.
  1. Қажетті әрекеттердің суретін салу
Ватерлоо университетінің қызметкерлері іс-әрекеттің суретін салу арқылы есте сақтау қабілетін арттыруға болатынын алға тартыңыз. Сізге суретші болу мақсат емес, тек өзіңіздің туындыңыз өзіңізге түсінікті болса жеткілікті.
«Қамшы» сілтейді
11 сәуір 2019 ж. 1 170 0