Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бизнеспен жұмыс «бір қақпаның ойыны» болмауы тиіс – Шпекбаев

Бизнеспен жұмыс «бір қақпаның ойыны» болмауы тиіс – Шпекбаев

BAQ.KZ. Елордада өткен Business Integrity Forum-да ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев еліміздің ірі жеке ұйымдарында комплаенс-қызметтер құрылатынын жеткізді.

Бизнеспен жұмыс «бір қақпаның ойыны» болмауы тиіс, - деді агенттіктің төрағасы7.

Оның сөзінше, кәсіпкерлер санасының өзгеруі де маңызды.

Істерді жүргізу кезінде парасаттылық міндетті стандарт болуы керек. Комплаенс-қызметтерді қолдану тәжірибесі халықаралық деңгейдегі корпоративтік секторда кеңінен дамыған. Осы тұрғыдан алғанда, біздің еліміздің аумағында жұмыс істейтін трансұлттық компанияларда осындай қызметтердің болуы қуантады. Олардың қатарында «Теңіз Шевройл», «Шеврон», «Лукойл», «Шелл» бар, – деп атап өтті Шпекбаев.

Антикор төрағасы айтып өткендей, аталған процесс елдің квазимемлекеттік секторында да жандана түсуде. Мысалы комплаенс бөлімшелері «Самұрық-Қазына» қорында және оның құрамына кіретін 12 компанияда жұмыс істейді. Сонымен қатар комплаенс-қызметтерді құру бойынша жұмыс Қазақстанның ірі жеке компаниялары тарапынан да қолдау тапты.

Еске сала кетейік, елордада Business Integrity Forum өтті.
07 сәуір 2021 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930