Міндетті әлеуметтік сақтандыру – жұмыс істейтін халықты қосымша әлеуметтік қорғау
Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деңгейде мемлекеттің,жұмыс берушінің және жұмыскердің арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі моделі қызмет атқарады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін азаматтарды қамтиды және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) жұмыс берушілердің ай сайын аударатын әлеуметтік аударымдары есебінен қамтамасыз етіледі. Түскен әлеуметтік аударымдар қатаң түрде мақсатты тағайындалуы бойынша – туындаған әлеуметтік тәуекелдердің 5 түріне төленетін әлеуметтік төлемдерге жұмсалады.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға және асыраушысынан айырылған асырауындағыларға бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық жәрдемақыларға қосымша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Бұл ретте, еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша төлемдердің ұзақтығы адам еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіргенше немесе жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткенге дейін 45 жылға созылуы мүмкін, ал асыраушысынан айырылуы бойынша – асырауындағы адам кәмелеттік жасқа толғанша не олар оқу орнын бітіргенге, бірақ 23 жастан аспайтын жасқа дейінтөленеді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істеген 16 жыл ішінде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Бүгінде 144 мыңнан аса адам мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша бюджеттен және МӘСҚ қаржысы есебінен мемлекеттік жәрдемақы алады.
Алушылардың төлемдері мен еңбек өтілі арасындағы өз ара байланысты күшейту мақсатында 2020 жылы МӘСҚ-дан төленетін еңбекке қабілеттіліктен айырылуы және асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері бір мезгілде орта есеппен 65% арттырылды.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған жәрдемақылар мен төлемдердің мөлшері күнкөріс деңгейінің өсуіне пропорционалды түрде өсті, яғни олардың сатып алу қабілетін сақтау үшін 5% арттырылды. Мұндай арттыру жыл сайын жүргізіледі.
Сонымен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар соңғы 2 жылда жұмыс берушілерден түскен әлеуметтік аударымдарға байланысты МӘСҚ -дан жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер алады. Былтырғы жылы азаматтарымыз жұмыссыз ретінде электронды тіркелуге және Электрондық еңбек биржасы(www.enbek.kz) порталы арқылы әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беруге мүмкіндік алды.Былтыр республика бойынша 100 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуы кезеңіне МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер алды.
Сонымен бірге, ана мен баланы қорғау мақсатында МӘСҚ-дан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайларына әлеуметтік төлемдер төленеді. Сонымен қатар, 2020 жылы осындай қолдау елімізде 700 мыңнан аса алушыға көрсетілді. МӘСҚ-дан бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем өтініш берушінің төлемге құқығы туралы sms-хабарламаға оң жауап беру жолымен проактивті түрде тағайындалуымүмкін (егер өтініш берушінің ұялы телефонының нөмірі мобильді азаматтар базасында болса).
Былтырғы жылы өңірде түскен әлеуметтік аударымдардың сомасы 7 181,6 млн. теңгені құрады, бұл ретте төленген әлеуметтік төлемдер түскен әлеуметтік аударымдар көлемінен+ 36,1 % артық (немесе 1,4 есе).
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысындаМӘСҚ-дан 46 466алушыға жалпы сомасы 9 775,5млн.теңге әлеуметтік төлемдер жүргізілді, оның ішінде
еңбекке қабілеттілігінен айырылуына - 604,0 млн. теңге,
асыраушысынан айырылуы бойынша - 614,6 млн. теңге,
жұмысынан айырылуы бойынша - 485,2 млн. теңге,
жүктілікке және босануға - 3 628,6 млн. теңге
1 жасқа дейінгі бала күтіміне - 4 443,0 млн. теңге.
Сондықтан, әлеуметтік қолдауды қажет ететін мүгедектігі бар адамдар, асыраушысынан айырылған отбасы мүшелері, жұмыссыздар, жүкті әйелдер мен жас аналар әлеуметтік төлемдерді уақытында алу үшін әлеуметтік аударымдарды тұрақты түрде, уақтылы, толық көлемде төлеу өте маңызды.
Тұтастай алғанда, жұмыс істейтін адамдар бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңымен көзделген әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем ала отырып, жұмыс істемейтіндерге қарағанда едәуір басымдыққа ие болады.
Жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыра отырып және тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру арқылы бүгінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементі болып отыр.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жөніндегі барлық қосымша сұрақтар бойынша www.gfss.kz. сайтынан білуге болады.
Қызылорда облысы бойынша
«Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыруқоры» АҚ филиалы